ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК ХАБЫ РЕТІНДЕГІ РӨЛІ КҮШЕЙЕ ТҮСПЕК
- Шымкент қаласы, Абай ауданы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында «Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі», – деп атап өткен болатын.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы: «Қазақстан Еуразиядағы көлік хабы болуға тиіс. Бұл – стратегиялық маңызы зор міндет. Бұл жұмысқа осы салада табысқа жеткен үздік мамандар мен кәсіпкерлерді тарту қажет. Бірақ, негізгі жауапкершілік – Үкіметте», – дегені де есте.
Аталған бағыттарды іске асыру мақсатында бүгінгі таңда Шымкент қаласында цифрлық құралдар мен автоматтандырылған жүйелер енгізіліп, дамыту қолға алынып жатыр.
Сонымен қатар, Қытайдың Гонконг қаласында өткен «Belt and Road» халықаралық саммиті аясында Гонконг әуежайы мен «Шымкент әуежайы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Осы тұста айта кетсек, аталған Гонконг қаласында өткен «Belt and Road» халықаралық саммиті барысында Гонконг әуежайының Басқарма төрағасы Вивиан Чонг және «Шымкент әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ганеев Алик Рашидович болып бірлесе бірқатар бағытта екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға уағдаласқан болатын. Ынтымақтастық аясында әуежай инфрақұрылымын басқару және операциялық процестер бойынша тәжірибе алмасу, логистикалық дәліздер мен жүк тасымалын жақсарту бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіліп, білікті кадрларды даярлау және алмасу, сондай-ақ, жолаушылар мен әуекомпанияларға арналған сервистерді жаңғырту бағытында бірлескен жобалар жүзеге асырылатын болады. Меморандум саммит бағдарламасының бір бөлігіне айнала отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ, болашақ жобалар мен инвестициялар үшін платформа құруға бағытталған болатын. Алдағы уақытта бұл меморандумның игілігі өз жемісін бере бастайды деп күтіліп отыр.
#ПрезидентЖолдауы2025