Қазіргі трендегі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың білім сапасын арттыру: ИИ мүмкіндіктері

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні (ИИ) қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары қарастырылады. Қазіргі трендтегі әдіс-тәсілдер мен ИИ құралдарының сабақта тиімді пайдаланылуы, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, дербес оқыту мен жедел кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретіні тәжірибе негізінде сипатталады.

Жасанды интеллект, білім сапасы, заманауи әдіс-тәсілдер, цифрлық білім беру, дербес оқыту.

Қазіргі қоғамдағы цифрландыру үдерісі білім беру саласына да тың өзгерістер енгізуде. Бүгінгі оқушы – ақпаратты жылдам қабылдайтын, технологиямен еркін жұмыс істей алатын тұлға. Осыған байланысты мұғалімдер үшін оқыту әдістерін жаңартып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану – уақыт талабы. ИИ қолдану оқушылардың білім сапасын арттырумен қатар, мұғалім жұмысының тиімділігін де жоғарылатады.

 

  1. Сабақта ИИ құралдарын қолданудың маңызы

Жасанды интеллект негізіндегі платформалар оқушылардың білім деңгейін анықтап, жеке ерекшеліктеріне сай тапсырмалар ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл оқыту үдерісін саралап ұйымдастыруға жол ашады. Мысалы, ИИ арқылы тест тапсырмаларын автоматты тексеру, оқу жетістіктерін талдау және оқушыға жекелей кері байланыс беру жүзеге асады.

 

  1. Қазіргі трендтегі әдіс-тәсілдер және ИИ

Сабақ барысында белсенді оқыту әдістерін ИИ-мен ұштастыру тиімді нәтиже береді. «Ойлан – жұптас – бөліс», жобалық жұмыс, зерттеу тапсырмалары кезінде ИИ оқушыларға ақпаратты талдауға, идея ұсынуға, презентация жасауға көмекші құрал ретінде қолданылады. Бұл тәсілдер оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

 

  1. Дербес оқыту және кері байланыс

ИИ қолдану арқылы әр оқушының оқу қарқыны мен білім деңгейіне сәйкес оқу траекториясын құрылады.

 

Менің сабақта пайдалатын құралдарым.

«Suno» 1 минутта ән жазу оқушылардың сабақ соңындағы көңіл күйлеріне өте жақсы әдіс.

Presentation-өзі 1 минутта презентация  жасап береді.

Liveworks heets- кез-келген пән мұғаліміне арналған дайын тапсырмалары бар жасанды интелект.

Di I Di-фотоны сөйлететін жасанды интелект.

Геймификация әдісі-сабақты ойын түрінде өткізу.

Mozaik web-3д шындық технологиялары.

Chat Cpt-1 минутта ҚМЖ, тест құрастырамыз.

 

Сауле Асанхановна СМАИЛОВА

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, «Талдыбұлақ» негізгі орта мектебінің биология пәні мұғалімі