ҚАЛАНЫҢ ШАЛҒАЙ ӨҢІРЛЕРІН ҚАМТЫҒАН «ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ» КҮЗГІ МАУСЫМЫН АЯҚТАДЫ
- Шымкент қаласы, Абай ауданы

Күз бойы әр сенбі күні өтіп келген дәстүрлі «Шымқала кештері» концерттік іс-шаралары өз мәресіне жетті. Бұл концерттер шеруі шымкенттіктер үшін ерекше мәдени демалыс пен жарқын әсер сыйлайтын дәстүрлі жобаға айналып үлгерді.
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен концерттер апта сайын, қаламыздың шеткі аудандарында орналасқан мәдениет үйлері мен клубтарында қойылды.
«Шым қала кештері» концерттік іс-шарасының күзгі маусымының соңғы қойылымы 2024 жылдың 30-шы қарашасы күні күндізгі сағат 15:00-де қаланың сегіз нүктесінде бір мезгілде өтті. Концерт қойылған мәдениет үйлері қатарында «Қызылжар» мәдениет үйі (Абай ауданы, Жеңіс көшесі 3 үй), «Сайрам» мәдениет үйі (Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Әмір-Темір көшесі, 235 үй), «Жаңаталап» мәдениет үйі (Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабы Айдарқұлов көшесі, 12 А үй), «Шапырашты» мәдениет үйі (Қаратау ауданы, Шапырашты мөлтек ауданы, Б.Төлебаев көшесі, нөмерсіз үй), «Көкбұлақ» клубы (Абай ауданы, Көкбұлақ тұрғын алабы, Есбол қажы көшесі, 3 үй), «Қайнарбұлақ» клубы (Абай ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Ә.Бөлешов көшесі, нөмерсіз үй), «Қаратөбе» клубы (Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрғын алабы, Ю.Сареми көшесі, нөмерсіз үй), «Өтеміс» клубы (Қаратау ауданы, Өтеміс тұрғын алабы, Жолдыбай көшесі, нөмерсіз үй) секілді қаланың шалғай елді мекендеріндегі мәдениет ошақтары болды. «Шымқала кештері» жобасы арқылы заманауи өнер, музыка, спорт және шығармашылық бір алаңда тоғысып, қаланың мәдени өмірін байытуды мақсат еткен.
Жоспарға сәйкес, аталмыш жоба қысқы маусымда да жалғасын табады деп күтіліп отыр.