ҚАРТТАР ҚҰҚЫҚТЫҚ МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілдігі құрылғалы бері өңір халқының құқықтық сауатын арттыруға айрықша назар аударылып келеді. Соған орай атқарылған бірқатар атқарылған шараны тілге тиек ете кетсем. Мәселен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесу барысында айтылған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде зейнеткерлерге арналған құқықтық марафон өткізілді. Марафон барысында егде жастағы адамдарға құқықтық тұрғыда ақпарат беріліп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға атсалыстық. Аталған іс-шараға облыстық әділет департаменті тарапынан адвокаттар, заң кеңесшілері мен сот орындаушылары қатысты.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заң аясында Түркістан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдігі құқықтық ағартудың 2024 жылға арналған медиа-жоспарына сай, Түркістан және Қызылорда облысы бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының, облыстық адвокаттар алқасының, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің оқытушылары және сот орындаушылармен бірлесіп, облыстағы колледж студенттеріне азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мәселелеріне арналған кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттерге адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында қандай халықаралық және ұлттық стандарттар бар екенін, білім беру мекемелеріне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы кеңінен мәлімет берілді.

 

 

Наталья ҚОЖАБЕКОВА,

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 

Түркістан облысы бойынша өкілі