ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев: «АЗАМАТТАР ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТКЕ ТІКЕЛЕЙ ЖҮЙЕНІҢ ІШІНДЕ «БІР БАТЫРМА» АРҚЫЛЫ ШАҒЫМДАНА АЛАДЫ»
- Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
Бүгінгі таңда қоғам ішінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің тұрақты дамуын негіз қылып қалыптастыру маңызды шаруа болып тұр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында бұл тақырыпқа ерекше маңыз берілді. Жолдауда әрбір азамат өзін қорғауда сезінетін және мемлекеттік институттарға сенетін тиімді қауіпсіздік жүйесін құру міндетін басқарушы органдар алдына қойды. Елімізде қазіргі таңда Үкімет бұл жұмысты кешенді түрде жүргізіп келеді. Соның бірі – заңнама жетілдіріліп, мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік нығайтылып келеді.
Қолданыстағы Заңнамаларды жетілдіру саласы күн тәртібінен түскен емес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық базаны қалыптастыруда шешуші рөлге ие. Соңғы жылдары ведомство заңнаманың маңызын арттыру, құқықтық рәсімдерді оңайлату және азаматтар үшін сот төрелігін қолжетімді ете түсу бойынша көп жұмыс жүргізіп келеді. Соның ішінде ең бір маңызды бағыт қылмыстық және әкімшілік құқықты, оның ішінде жеке құқықтарды қорғау және қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған жаңа нормаларды жетілдіру туралы болды.
«Біздің әділет саласында, сот жүйесінде және жалпылама алғанда жүргізіп жатқан реформаларымыз бірінші кезекте заңнаманың сапасын арттыруға, соның ішінде, ең алдымен заң бәріне бірдей деген қағидаға негізделген, ал онда орнатылған тәртіп талаптары заңды әділ қолданылу салдары ретінде танылуы тиіс», – деп атап өтті ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.
Сот төрелігінің қол жетімділігі және құқықтық білім тақырыбына тоқталайық. Әділет министрлігінің басымдықтарының бірі – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ведомство онлайн-қызметтерді қарқынды дамытып, электрондық форматта мемлекеттік қызметтер спектрін кеңейтіп отыр. Азаматтарға цифрлық платформалар арқылы соттар мен мемлекеттік органдарға жүгінуге мүмкіндік беріледі, бұл бюрократиялық жүктемені азайтады және уақытты үнемдейді.
Халық арасында ағартушылық жұмыс жүргізу маңызды міндет болып қала береді. Құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған акциялар мен білім беру науқандары үнемі өткізіліп тұрады, бұл қоғамда заң мен мемлекеттік институттарға деген құрметті қалыптастырады.
«Егер бұрын заңсыз әрекеттерді дәлелдеу және барлық инстанциялардан өту қажет болса, енді атқарушылық іс-қимылдардың ашықтығы мен цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері есебінен белгіленген рәсімдердің бұзылуы бірден анықталатын болады. Ал азаматтар заңсыз әрекетке тікелей жүйенің ішінде «бір батырма» арқылы шағымдана алады», – деді ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.