“ҚЫЗМЕТ” КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ!

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласының әкімдігі 28-маусымда аталып өтілетін “Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні” қарсаңында БАҚ өкілдеріне арналған бірнеше спорт түрінен арнайы спартакиада ұйымдастырған болатын. Тартысты өткен спартакиада сайыстарына “Қызмет” редакциясының командасы да белсене қатысып, жүлделі орыннан көрінді.
БАҚ қызметкерлері арасында өткен спартакиадада спорттың шағын футбол түрінен жүлделі І орын – “Қызмет” командасына бұйырды. “Қызмет” командасы жыл сайынғы осы спартакиада жарыстарына қалмай қатысып келеді. Спорт саласында жүрген жорналшылар арасында “Қызыл қырандар” дейтін лақап аты кәдімгідей танымал болып қалған топ саналады.
Нарұл Шәмрек бастаған “Қызмет” командасын биылғы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Спартакиададағы биылғы кіші футбол сайысында жүлделі ІІ-орынды – “Түркістан БАҚ” командасы, ІІІ-орынды – “Түркістан тв” командасы иеленді. Жекелеген номинациялар бойынша “Үздік қақпашы – “Ернұр” командасының ойыншысына , “Үздік қорғаушы” – “Отырар” командасына, “Үздік ойыншы” – “Оңтүстік” командасына бұйырды.