“ҚЫЗМЕТ” РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ ОЙЫНШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ
- Шымкент қаласы, Абай ауданы

Шымкент қаласының әкімдігі 28-маусымда аталып өтілетін “Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні” қарсаңында БАҚ өкілдеріне арналған бірнеше спорт түрінен арнайы спартакиада ұйымдастырған болатын. Тартысты өткен спартакиада сайыстарының корытындысы белгілі болды.
БАҚ қызметкерлері арасында өткен спартакиадада Бильярд ойынында І-орынды “Қызмет газеті” командасынан Әшетаев Рүстем, ІІ-орынды “Күнгей” командасынан Мырзалиев Самат, ІІІ-орынды “Отырар” командасынан Абзал Тұрабеков иеленді. Ал, Нұрлан Нұрбеков “Қарт ойыншы” номинациясын иеленсе, “Сұр мерген” номинациясын Ержан Бектұрғанов, үздік ойыншы номинацияларын Тағабай Қасымов пен Ержан Өтеловтер иеленді.