ҚҰНЫ 17 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРДАН АСАТЫН КЕЛІСІМДЕР ЖӘНЕ КӨПЖОСПАРЛЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ДОНАЛЬД ТРАМПТЫҢ АҚ ҮЙДЕГІ КЕЗДЕСУІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
- Астана қаласы, Есіл ауданы
2025 жылдың 7 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапары аясында Ақ үйде АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз өтті.
Ақ үйдегі кездесуде Мемлекетіміздің басшысы Қ.К.Тоқаев Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті.
Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың айтуынша, Америка Құрама Штаттарының көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Мемлекет басшысы Қ.Т.Тоқаев Қазақстан тарабы АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде, келешекте Қазақстан аумағы арқылы өтетін «Орта дәлізді» одан әрі дамытуға ықпал ететін «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына» (TRIPP) ерекше назар аударды.
Өз кезегінде АҚШ Президенті Дональд Трамп та Америка Құрама Штаттарының Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады.
Сапар аясында Қазақстан және Америка Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард АҚШ долларынан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.
Әңгімелесу барысында екіжақты ықпалдастықтың кең көлемдегі мәселелері жан-жақты талқыланды, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективті бағыттары нақтыланды. Сонымен қатар, қос тараптың президенттері халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.