ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ОНЫ ӨМІРДЕ ОРЫНДЫ ПАЙДАЛА БІЛУ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Құқықтық мәдениет негізінен құқықтық заң нормаларын түсініп білуден, оларды қоғамда қолдану, іс-тәжірибеде орынды пайдалана білу қағидалары арқылы қалыптасады.

Еліміздің басты заңы Конституцияда айқын жазылғандай, біздің еліміз өзін демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде белгілеп, адамның құқықтары мен бостандықтарын алға қойып, оның қымбат қазына болып табылуы ретінде қарастырады. Ал, құқықтық мемлекеттерде азаматтардың құқықтарының, міндеттерінің және бостандықтарының қорғалуы, біріншіден, олардың құқықытық сауаттылық пен құқықбұзушылыққа жол бермеуі сана деңгейіне байланысты білдіріледі. Міне, бұл құқықтық мәдениет және заңи этика болып табылады.

Әрбір азамат үшін қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылса, оның қазыналылығын түсініп, бағалай білу, құқықытық сана мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылатыны айқын және біз оны терең түсінуіміз шарт.

Дегенмен, құқықтық мәдениет кез келген азаматтың өмір сүру құндылығы ретінде дербес ішкі тәлім-тәрбиесінен көрініс бермей, жалпы мәдениеттің талап ететін қажеттілігі ретінде оны бойға дарыту мүмкін емес.

Осыған байланысты біздің мемлекетімізде әрдайым құқықтық мәдениетті заң талаптарын бұлжытпай орындап, құқық нормаларын қатаң қолдану арқылы ғана қалыптастырып жүзеге асыру бағыты қолданылады.

Осы жерде айта кететін жайт, заңды білмеу және құқықтық сауатсыздық жауапкершіліктен босатпайтындығы қатаң ескертіледі. Бірақ, құқықтық сауатсыздық пен заң нормаларынан кез келген азаматтың хабары жоқтығы мен құқықтық мәдениеттің болмауы дәлірек айтқанда оның негізін түсіне алмау екендігі көп ескеріле бермейді.Міне, осы жағдаяттардың негіз-салдары құқықтық мәдениетті қалыптастырып жетілдіру жұмыстарының реттелуіне шын мәнінде кедергі келтіретіні аян.

 

Гүлнар АРҒЫНБЕКОВА,

заң ғылымының кандидаты