ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

 

Өркениет көшінен қалмай, жаһандану кезеңінде алпауыт елдердің екпініне шыдас беріп, жұтылып кетпей, дамыған елдердің көшінен көріну қазіргі заманның басты қағидатына айналғаны анық.

Өйткені, жыл санап емес күн сайын немесе сағат жылжыған уақытта өзгеріске ұшырап, адам таңғаларлық таңғажайып дүниелердің орын алуы, барлық саланы цифрландыруға көшіріп, әлемдік экономиканың үздіксіз даму тенденциясы адамзаттың шексіз мүмкіндігін көрсетеді.

Қоғамдағы мәдени қарым-қатынастардың басым көпшілігі заң арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Заң — мәдениетінің негізгі мақсат-мүддесін анықтап, оның орындалу бағыттарын реттеп отырады. Заңның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін — заңға тәуелді нормативтік актілер. Сондықтан құқықтық мәдениетті дамыту үшін мемлекет барлық басқарушы аппараттың жұмысын жақсартып, нормалар мен құжаттардың дұрыс екеніне көз жеткізеді, қоғамдағы мәдени процесті реттейді Жоғарыда келтірілген өзекті мәселелерді қарастыра отырып, біз тек әлеуметтік-экономикалық құқықтың қалыптасуына ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық құндылықтарын ескере отырып, құқықтық мәдениеттің қалыптасуына да ықпал ете аламыз. Қорытындылай келе, біріншіден, Қазақстан халқының құқықтық мәдениеті — бұл қазақстандық қоғамның кемелденуінің адамгершілік-әлеуметтік негізін құрайтын бастапқы айқындаушы идеялар, талаптар, ұстанымдар; екіншіден, Қазақстан Республикасының құқықтық мәдениетіне қойылатын негізгі талап қоғам мен жеке адамның әлеуметтік-құқықтық өмірінің сапасы мен деңгейін арттыру болып табылады деп айтуға болады. Бұл азаматтар мәртебесінің кепілдігін қамтамасыз етуде, Қазақстанның саяси билігі іс-қимылының келісімділігінде және болжамдылығында көрініс табуы мүмкін. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың құқықтық мәдениетінің пісіп-жетілген мәселелерін шешу тұтастай алғанда қоғамның бірігуіне және әлеуметтік прогреске, демократиялық, әділ қоғамның тұрақтылығына ықпал етуі маңызды.