ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚОҒАМДА ӘДІЛДІК ПЕН ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Қоғамдық құқықтық мәдениет – бұл азаматтардың құқықтық құндылықтарды, заңдарды құрметтеуін, заңды жауапкершіліктерін түсінуін, өз құқықтарын қорғауға және міндеттерін орындауға ұмтылуын қамтитын қоғамның негізгі қасиеттерінің бірі. Құқықтық мәдениет қоғамда әділдік пен заң үстемдігін қалыптастырады, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік өмірдегі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруына жағдай жасайды. Қаржы және құқық ұғымдарымен  бүгінгі таңда әрбір азамат жиі кездеседі. Осы ұғымдардан туындап жатқан мәселелелерді  дұрыс бағамдау білу, соған байланысты дұрыс шешім қабылдау құқықтық мәдениеттің негізі болып табылады. Көпшілікке осы ұғындыру мақсатында Түркістан облысы  Шардара ауданында ашық форматтағы семинар-кездесу өтті. Іс-шараға арнайы шақырылған мамандардың бірі  «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі Жандос Әзімбай қатысты. Ол қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру әрбір азаматтың қауіпсіз өмір сүруінің кепілі екенін айта келіп:

– Әр адам өзінің құқықтары мен міндеттерін нақты білуі керек. Бұл – тек заң алдындағы жауапкершілік емес, күнделікті өмірде қорған бола алатын білім. Алаяқтық, заңсыз несиелер, шоттардың бұғатталуы сияқты мәселелерден хабардар болу – азаматтық сауаттылықтың көрсеткіші, – деді.

Құқықтық білім беру – құқықтық мәдениетті қалыптастырудың басты негізі. Мектептер мен жоғары оқу орындарында құқық негіздері оқытылып, азаматтар заңдар мен нормативтік актілерді түсінуді үйренеді. Жастарға құқықтық білім беру арқылы олар заңдарды түсініп, әділдікке ұмтылуды үйренеді. Отбасылық тәрбие. Отбасында құқықтық мәдениет негіздері ерте жастан қалыптасады. Ата-аналар балаларды заңға құрметпен қарауға, құқықтарын білуге, өз міндеттерін орындауға тәрбиелеуі қажет. Отбасыда құқықтық мәдениетке бағытталған тәрбие қоғамда құқыққа құрметтің артуына ықпал етеді. Қоғамдық ақпараттандыру. Теледидар, радио, әлеуметтік желілер мен басқа да ақпарат көздері арқылы халыққа құқықтық білім беру жүргізіледі. Құқықтық мәселелер бойынша халықты ақпараттандыру адамдардың заңдар мен құқықтар туралы хабардар болуын қамтамасыз етіп, құқықтық мәдениетті нығайтады. Құқықтық кеңестер беру және тегін құқықтық көмек. Тегін құқықтық көмек көрсету орталықтары мен құқықтық кеңестер азаматтарға заңды мәселелерді түсіндіруге көмектеседі. Құқықтық мәселелер бойынша консультация алу мүмкіндігі бар азаматтар өз құқықтарын тиімді қорғай алады және құқық бұзушылықтарды болдырмауға тырысады. Құқық қорғау органдарымен және сот жүйесімен ашық байланыс. Қоғамдағы құқықтық мәдениет заңның әділ және ашық орындалуына байланысты. Сот жүйесінің әділдігі, құқық қорғау органдарының ашықтығы мен адалдығы азаматтардың құқықтық жүйеге деген сенімін арттырады. Әділ және тиімді құқық қорғау жүйесі құқықтық мәдениеттің дамуына септігін тигізеді. Қоғамдық ұйымдардың рөлі. Қоғамдық ұйымдар мен еріктілер құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіп, заңдар мен құқықтарды насихаттаумен айналысады. Олар халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, құқықтарды қорғауға және әділдікке қол жеткізуге көмектеседі.

Сондай-ақ жиында  педагог-психолог Шара Әбдірахманова мәселенің тек құқықтық немесе қаржылық емес, психологиялық жағына да тоқталды.

– Қаржылық қиындықтар адамның ішкі тыныштығына әсер етеді. Күйзеліс, отбасыдағы жанжал, өз-өзіне деген сенімсіздік, кейде тіпті лудомания сияқты тәуелділікке ұрыну да осыдан басталады. Сондықтан қаржыны басқарумен қатар, эмоцияны басқаруды да үйрену маңызды, – деді көпшілікпен пікір бөліскен психолог маман.

Мемлекеттің құқықтық саясатты қолдауы. Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда мемлекет тарапынан арнайы заңнамалар қабылдануы, құқықтық реформа жүргізілуі және құқықтық жүйенің жетілдірілуі маңызды рөл атқарады. Мемлекет өз азаматтарының құқықтарын қорғап, заңдар мен құқықтық ережелердің тиімді орындалуына жағдай жасайды. Қоғамдық құқықтық мәдениеттің маңыздылығы. Әділеттілік пен құқық үстемдігін қамтамасыз ету. Құқықтық мәдениет дамыған қоғамда әділеттілік пен құқық үстемдігі қамтамасыз етіледі. Азаматтар өз құқықтарын қорғауға, заңдарға бағынуға және қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтауға дайын болады.

Құқықтық мәдениеті дамыған қоғамда адамдар заң бұзушылықтан сақтанып, құқықтық нормаларды орындауға ұмтылады. Бұл қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың санын азайтады. Азаматтардың өз құқықтарын қорғауға қабілеттілігі. Құқықтық мәдениет дамыған қоғамда азаматтар өз құқықтары мен міндеттерін біліп, оларды қалай қорғау керектігін түсінеді. Бұл жеке адамның құқығын қорғауға және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Әлеуметтік теңдік пен ынтымақтастық. Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке қол жеткізіледі. Азаматтар заң алдында бірдей екенін түсінеді және қоғамда кемсітушілік, әділетсіздік жағдайлары азаяды.

Іс-шара соңында тұрғындар мұндай кездесулердің жиі өтіп тұрғанын қалайтындарын жеткізді.