ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ҚҰҚЫҚ ПЕН САЯСАТТЫ ТАНЫП БІЛУ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Қазақстандық қоғамда құқыққа бағынудың белгілі бір дәрежесі, оның беделі, саяси-құқықтық жүйенің әрекетін қолдайтын немесе әлсірететін түрлі бағалаулардың, моральдық және әлеуметтік-саяси ұстанымдардың, әдет- ғұрыптардың белгілі бір жалпы билігі бар екенін айту керек. Саяси-құқықтық жүйені мақұлдаумен, бағалауға, сынға алуға және жүзеге асыруға байланысты дағдылар мен құндылықтардың осы жалпылығы қазақстандық қоғамның жалпы құқықтық мәдениеті ретінде анықталуы мүмкін. Бұл құқықтық мәдениет азды- көпті дамыған болуы мүмкін, ал оның жекелеген бөліктері бүкіл мәдениетке сәйкес әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Сонымен қатар осы жалпы құқықтық мәдениеттің негізгі қағидаларынан белгілі бір ауытқуларда кездесетіні де бар. Демек, Қазақстандықтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының мазмұны негізінен құқық пен саясатты білуге тәуелді, бұған қоса оларға нақты саяси-құқықтық сенімділік берілуі мүмкін. Алайда, құқық пен саясатты білу заңды мінез-құлықтың шешуші факторы емес. Бұл факторларға тек жағымсыз санкциялар, құқықтық білім ғана емес, сонымен бірге қазақстандықтың әлеуметтік-спецификалық, әрқашан қолайлы емес объективті жағдайларындағы құқықтық қатынастарының қалыптасуына әсер ететін ұлттық мемлекеттік-құқықтық идеология кіруі керек деп есептейміз. ЖАРНАМА Бүгінгі таңда ұлттық мәдени құқық пен құқықтық ділге деген қызығушылық артуда. Бұл құбылысты зерттеушілер батыс еуропалық философия тұрғысынан жан-жақты қарастырып жүр. Қазақстанның үлгісін құруда ұлттық құқықтық мәдениет пен мемлекеттік ерекшеліктер, құқықтық сабақтастық мәселелері тұр. Бүгінде құқықтық мәдениет үлгісі ұтымды құрылған Еуропадағы қоғам мен жеке тұлғалардың арасындағы құқықтық қарым-қатынас мәдениетінің жоғарылығы: өмір сүру құқығы, еркіндік, жекеменшіктік, мемлекеттік басқаруда либерализм жүйесінің болуы айқын байқалады.