ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НЫҒАЙТАДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Қазіргі Қазақстандағы демократиялық мемлекетті нығайту үдерісіне құқықтық саясаттың әсер ету дәрежесін ғылыми тұрғыдан негіздеу үшін біздің елдің тұрғындарының құқықтық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын қоғамдық-саяси құбылыс ретінде, сол байланыстар мен қатынастар жүйесіне енгізілгенін түсіну қажет.  Сонымен, құқықтық мәдениет дегеніміз не? Құқықтық мәдениет — әлеуметтік-саяси құндылықтарды нығайтатын құқықтық-саяси жүйедегі адамдардың шығармашылығының үрдісі мен нәтижесі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәдениет әлеуметтік тәжірибеге еніп, жалпы адамзаттық аспектілердің біріне айналған. Қазақстанның құқықтық мәдениетінің жасаушысы да, ұйымдастырушысы да — тұлға болып табылады. Құқықтық мәдениет қызметіндегі жеке тұлға құқық пен саясат саласын меңгерген, әрі Қазақстан мемлекеті мен оның қоғамына қатысты заңдық кәсіби этикадан тұратын құқықтық мәдениетті білу маңызды. Қазақстан қоғамының құқықтық мәдениетінің оңтайлы шешіміне жету үшін Қазақстан Республикасының құқықтық мәдениетінің құндылықтары мен жүзеге асыру ережелері зерттелуі тиіс. Сонымен қатар, құқықтық және әлеуметтік-саяси жүйені жаңалау барысында біз адамдардың жеке тұлғалығы мен ұлттық мәдени ерекшеліктерді ескеруіміз қажет.

Құқықтық мәдениетке мыналар  кіреді: құқықтық сана-сезім, құқықтық психология, құқықтық идеология, құқықтық білім, құқықтық эмоция және құқықтық нигилизм мен зандық идеолизм. Қазақстанның құқықтық мәдениеті әлеуметтік-саяси болмыс феномені ретінде жекелеген және оқшауланған құбылыстардан тұрмайды, бірақ біршама тұтас құрылымды білдіреді. Бұл жүйенің компоненттері ретінде жеке компоненттерге тән интегралды қасиеттерді анықтайтын тұтастық. Қазақстанның құқықтық мәдениетін әлеуметтік-саяси феномен ретінде айқындайтын көрсеткіштер мен эмпирикалық индикаторлар жүйесін құру саяси зерттеу проблемасын шешудің тұжырымдамалық құралы болып табылады деп айтуға болады. Бұл жеке тұлғаның экономикалық еркіндігі, яғни, жеке шаруашылық қызметінің кез-келген саласымен айналыса алуы деген сөз. Бұл ұғымға тұтыну еркіндігі мен жекеменшікке қол сұқпаушылық та жатқызылады.