ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Қазақстанды құқықтық мемлекетке айналдыру мақсатындағы реформалар  сот жүйесін жетілдіріп, биліктің үш тармағының арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етті. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмауға да ықпал етуде.  Бұл әрине еліміздің халақарылық аренадағы беделінің артуына да зор үлес қосты.

Жалпы сот жүйесін реформалау ісі Қазақстанда 2019 жылдан бері үздіксіз жүргізіліп келеді. Кң алдымен заңдар мен ережелер қайта қаралды, жаңа құқықтық нормалар енгізілді.Алғашқы өзгерістердің өзі сот жүйесінің тәуелсіз болуына жол ашты. Соттардың әділ шешім қабылдауы үшін сот шешімдерінің ашықтығы қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ бұл саладағы өзгерістер Президенттік басқару ісінде де орын алды. Парламенттегі партиялар саны өсті.  Мұнан бөлек Конститутциялық сот қайта құрылды. Саяси сарапшгылардың айтуынша құқықтық реформалардың маңызды бөлігі судьяларды іріктеу және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруге байланысты болды. 2020 жылдан бастап судьяларды тағайындау процесі ашық әрі әділ болуына кепілдік беретін жаңа механизмдер енгізілді. Судьяларға қатысты қатаң талаптар қойылып, олардың кәсіби деңгейін үнемі бақылау және бағалау жүйесі құрылды. Бұл шаралар Қазақстанда соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды қадам болғаны анық.

Жалпы, құқықтық мемлекетті нығайту Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына айырша  ықпал етеді. Сот жүйесінің тиімділігі мен жемқорлықпен күрестің нәтижелері азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, бизнестің дамуына және шетелдік инвестицияларды тартуға жағдай жасайды. Қазақстанның құқықтық жүйесін реформалау арқылы елдің экономикасы халықаралық стандарттарға жақындап, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола түседі. Мәслен, қоғамда парақорлық пен жемқорлық мәслесі бойынша 2022 жылы Қазақстан 124-ші орында болса, елдегі жасалған  құқықтық және әкімшілік реформаларға байланысты 9 сатыға төмендеді.  Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Орталық Азия елдерінің арасында алғашқы орындарды иеленуде, ал бұл елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтып келеді. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  сыйбайлас жемқорлықпен күресті ширатуға байланысты арнайы ұлттық стратегиялық жоспарды қабылдауы да игі әсер етті. Соның нәтижесінде азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қорғау үшін бірқатар құқықтық актілер қайта қаралып, оларды жүзеге асыруда жаңа механизмдер енгізілді. 2021 жылы Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру бойынша заңдар қабылданды. Соның арқасында мемлекет азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың бостандығын қамтамасыз ету ісінде шынайы міндеттемелерге ие болғанын да айта кету керек.

Құқықтық реформаларда азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға да айырқа маңыз берілді. Жаңа бағдарламалар түзіліп, жастардың заңды құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін тереңдетуге,  оларды құқықтық жүйеге тартуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда жастарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу үшін арнайы курстар мен тренингтер үздіксіз өткізіліп келеді.

Түркістан облысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында  өңірде тұрақты түрде қоғамдық қабылдау өткізіп келеді. Өңірде  полиция, прокуратура және басқа да мекеме өкілдерімен ұйымдастырылатын шара  азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң тұрғысынан көмек сұрағандарға қолдау көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жасау үшін маңызды қадам. Кездесулер барысында азаматтарға жер дауы, тұрғын үйге және әлеуметтік көмек сияқты түрлі мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетілуде. Тұрғындардың күнделікті өмірінде кездесетін өзекті мәселелерге ерекше назар аударылады.  Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты да құзырлы органдарға жүгінуге мүмкіндік зор.

Соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандыру аясында Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен тығыз жұмыс істеуде. Қ. Тоқаевтың бастамасымен мемлекет басшылары, заңгерлер мен құқық қорғаушылар арасында ашық пікір, тәжірибе алмасу үдерістері күшейтілді. Қазақстан БҰҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың заң саласындағы ұсынымдарын қабылдауда белсенділік танытып, құқықтық мемлекетті нығайту жөніндегі халықаралық стандарттарға сай әрекет етуде.

Қазақстандағы құқықтық реформалар бүгінде халықаралық деңгейде жоғары бағалануда. 2021 жылы Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінде өз баяндамасын ұсынды және бұл процесс Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындаудағы маңызды қадам. Сонымен қатар, Қазақстан үкіметі үнемі құқықтық жаңашылдықтарды енгізіп, басқа мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, өз реформаларын тиімді жүзеге асыруда.