ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ: «ӘЙЕЛ. ҚҰҚЫҚ. ҚОРҒАНЫС» АТТЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ КУРСЫ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында орналасқан А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында әйелдерге арналған «ӘЙЕЛ. ҚҰҚЫҚ. ҚОРҒАНЫС» атты бес күндік өзін-өзі қорғау курсының алғашқы күні өтті. Бұл жайында инстаграм желісіндегі altynorda_shymkent ақпарат желісі бөлісіп отыр.

Ақпарат көзінің мәліметінше, ашық іс-шара курс семинар-тренинг форматында ұйымдастырылып, қатысушыларға зорлық-зомбылық түрлері, оның салдары, сондай-ақ медиация ұғымы мен оның қолданылу салалары бойынша теориялық әрі тәжірибелік ақпарат беріліп отырды.

Қатысушылармен психолог, ағартушы, жеке кәсіпкер, педагог-тренер Боранбек Алтынбек Срайылұлы және заңгер, кәсіби медиатор
Кесебай Айжан Өмірзаққызы кездесіп, өз салалары бойынша мазмұнды ақпарат ұсынды. Сондай-ақ, қатысушыларға арналған шағын кофе-брейк ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара нәзік жандылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз қауіпсіздігін қорғауға және қорқынышсыз өмір сүруіне бағытталған.
Курс жалпы 5 күнге созылады. Ертеңнен бастап қатысушылар үшін өзін-өзі қорғауға арналған практикалық сабақтар басталады. Сабақтар барысында қатысушылар арнайы жаттығулар арқылы нақты қорғану тәсілдерін үйренеді.