ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТ АЛАЯҚТАР ҚАРТТАРДЫ САН СОҚЫТЫРЫП ЖҮР

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Күн өткен сайын алаяқтардың саны ғана емес, адамдарды сан соқтыратын айла-шарғыларының түр-тәсілі де көбейіп келе жатыр. Біздің елімізде де  сондай алдапсоғарлардың құрбандары аз емес. Себебі технология қарыштап дамыған мына заманда арам ойлылар әлемнің кез келген бұрышында отырып-ақ, көздеген адамның қалтасын оп-оңай қаға алады. Әсіресе, қарт кісілерді құрығына түсіріп, соңында қомақты ақшаны иеленген соң үн-түнсіз көзден ғайып болатындар бүгінде көбеймесе, еш азаймай тұр. Полицейлердің айтуынша, алаяқтардың құрбандары – көбінесе орта және егде жастағы адамдар. Себебі, бұл топтағы жандарға айласын асыру алаяқтар үшін әлдеқайда оңай. Өкінішке орай, әрине…

Осындай оқиғаның бірі Түркістан облысында болды. Мәселенің мән жайы жәбірленуші алаяқтық туралы полицияға  арызданған кезде анықталған. Ол өзіне белгісіз біреудің полиция қызметкері ретінде қоңырау шалып, қызының жол-көлік оқиғасын жасады деп хабарлағанын айтады. Күдікті оны жақын арада оның мекенжайына келетін үшінші тұлға арқылы белгілі бір соманы берсе, кінәлі адам жазадан құтыла алады деп сендірген. Қоңырау шалушы телефонды сыбайлас қызға тапсырып, ол дірілдеген дауыспен «анасынан» көмек сұрағандай кейіп танытқанда, әйелдің күмәні толығымен сейіледі де, нәтижесінде ол алаяқтарға өзі жинаған 4,5 миллион теңге көлеміндегі ақшасын берген.

Іздеу шаралары барысында жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен жәбірленушілердің үйіне қолма-қол ақша алу үшін келген жігітті анықтап, ұстады. Ол Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол да мобильді мессенджер арқылы түскен нұсқауларды орындағанын, оның міндетіне көрсетілген мекенжайлардан ақша алып, оны белгілі бір банктік шоттарға аудару кіретінін айтқан. Осы «еңбегі» үшін ол 50-100 мың теңге көлемінде ақы алып келіпті.