«ҚҰҚЫҚТЫҚ САҒАТҚА» 14 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың бастамасымен бірқатар өңірлерде адам құқықтарына арналған «Құқықтық сағат» кең ауқымды кешенді тренингі өтті. Басқа қатысушылардың қатарында дәріске 10-11 сыныптардың 14 000-нан астам оқушысы, сонымен қатар университет және колледж студенттері қатысты. Сондай-ақ шараға оқушылардың ата-аналары, ұстаздар, азаматтық белсенділер, мемлекеттік қызметкерлер мен eәкілдің өңірлердегі өкілдері шақырылды.

Балалар мен жастардың құқықтарын қорғау тақырыбындағы «Құқықтық сағат» аясында Артур Ластаев кездесуге қатысушыларды уәкіл кеңсесінің қызметімен таныстырып, жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды, яғни кез келген тұлға құқықтарының бұзылуына тап болса, оған шағым жасай алады.

Онлайн отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы бұзақылықтың, жасөспірімдер суицидінің, қылмыстық фактілер мен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптары талқыланды. Бұл құбылыстардың алдын алу балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу үшін қауіпсіз ортаны құрудағы маңызды қадам болып табылады және өскелең ұрпақта адекватты және салауатты өмірлік ұстанымды қалыптастыруға оң әсер етеді. Мәселен, дәстүрлі құндылық нұсқауларын енгізудің маңызы зор.

Уәкіл биыл балалардың құқықтарын қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталған маңызды заң қабылданғанын айтып, Қазақстанда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы орган – Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зәкиева Динара Болатқызы бар екенін еске салды.

«Құқықтық сағат» барысында қатысушылар Адам құқықтары жөніндегі уәкілге сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Гимназиялардың бірінің 11-сынып оқушысы мектеп оқушылары өздерінің құқықтарын қорғау және қорлаумен күресу туралы нақты ақпаратты қайдан алуға болатынын сұрады.

Елімізде бала құқықтары туралы заң 2022 жылдың 8 тамызында қабылданған. Осы заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.