ШЫМКЕНТТЕ «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы көшелерінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл туралы Шымкент қаласының полиция департаменті фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасы ақпарат бөліскен.

Іс-шараның мақсаты қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу болып табылады.

Жедел-профилактикалық іс-шара үстіміздегі жылдың 14 қыркүйегіне дейін жалғасады делінген Полиция департаменті бөліскен ресми хабарламада.