«ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМ ШАРТЫ» – ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында елімізде «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты  жас мамандарды зейнеткерлікке шығатын қызметкерлердің орнына дайындай отырып жұмыспен қамту. Бұл жоба Шымкент қаласында қалай жүзеге асуда? Оның нәтижесі қандай? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Балмаржан Нарбековамен сұхбаттасқан едік.

 

– Балмаржан Полатқызы, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасының ерекшеліктері туралы айтып берсеңіз. Бүгінде оған қатысып жатқан азаматтар бар ма?

Бүгінгі таңда жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алған жас мамандарымыздың бірден жұмысқа тұрып кете алмайтыны белігілі. Ал керісінше кейбір мекемелерде өзін ісін жетік білетін,  тәжірибелі қызметкерлердің орнына маман таппай жатамыз. Бұл жоба осы екі мәселені бірден шешуге сеп болмақ. Жобаға жасы 29-дан аспаған жас мамандар қатыса алады. Олар зейнеткерлікке шығуына кемі 6 ай уақыты бар қызметкерлерді  алмастырады. Яғни, білікті маманмен қосақтасып, оның тәжірибесін үйреніп, жұмыс істейді. Қазір «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына Шымкент қаласы бойынша 24 адам қатысуда.

Жобаға қатысу мерзімі қандай? Оларға бұл мерзімде жалақы төлене ме?

– Жобаға қатысу мерзімі 6 айдан аспайды. Оларға жалақы мөлшері 30 айлық есептік көрсеткіш (95 400 теңге) көлемінде еңбекақы төленеді. Жобаға қатысу мерзімі аяқталған соң  жас маман тәлімгердің орнына жұмысқа қабылданады.

-Жобаға қатысу үшін қайда, қандай  құжаттар тапсыру керек?

– Ол үшін жұмыссыз жастар Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығына өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда) және дипломын алып келсе болғаны. Осы мүмкіндікті пайдаланып, аталған талаптарға сай келетін жастарды жобаға қатысуға шақырамыз.

– Әңгімеңізге рақмет! Ісіңізге табыс тілейміз.