ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы

Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығына орай, Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі «Тарих және этнология» Ғылыми орталығының басшысы, докторант, «QAZAQTANÝ» журналының жауапты редакторы Шолпан Торғауытованың ұйымдастыруымен, 12 қыркүйек күні дәстүрге айналған оффлайн және онлайн жүйеде өтетін «Гуманитарлық саладағы жаңа ғылыми-әдістемелік жобалар: білім саласына ықпалы» атты ғылыми тағылымдамасы аясында «Ғылым мен білім саласын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар – мемлекеттің идеологиясында ұлттық ой-сананы қалыптастыру» тақырыбында шетел ғалымдармен ғылыми семинар өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында аталған міндеттерін іске асырулының бір көрінісі ұлттық құндылықтарды әлемдік қауымға насихаттау мен дәріптеу ісінде ғалым-педагогтардың ойы мен еңбегіне ерекше тоқталды. Семинарда биылғы 2025 жылы Шоқан Уалихановтың 190 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, «Қарамола ережесіне» 140 жыл мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы толуына аса назар аударылды.
Семинар барысында Өзбекстан Республикасының Жызақ политехникалық университетінің тарих, философия мен дін бағытында «Әлеуметтік ғылымдыр» кафедрасының профессорларын осы бағытта жасалған жұмыстың бірінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі «Тарих және этнология» Ғылыми орталығының басшысы, докторант, «QAZAQTANÝ» журналдың жауапты редакторы, Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» жанында құрылған «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі Шолпан Торғауытова 2025 жылы «Почетный казах – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы: «Положение Қарамола» 1885 год (перевод и научный анализ)» монографиясында ұлттық идеологиясында тарихи сананың қалыптастыру туралы, 74 баптың жекелеген бағытында әлеуметтік-саяси және этносаралық татулықты нығайту жөнінде тарихи деректердің жаңа мәліметтерімен таныстырып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен шығатын «QAZAQTANÝ» журналдың гуманитарлық бағытында «Қазіргі Қазақстанның этносаяси және этномәдени үрдістері», «тарих», «этнология», «тұлғатану», «әлеуметтану» рубрикаторында отандық және шетел ғалымдар, магистранттармен докторанттардың жариялауға шақырды.