ӘЛЕМДІК РОБОТОТЕХНИКА ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
-
Шымкент қаласы, Абай ауданы
Германияның Дортмунд қаласында өтіп жатқан бүкіләлемдік робототехника олимпиадасынан шымкенттік оқушылар жүлдемен оралды. Ақыл-ой жарысында қаламыздағы Ж. Жабаев атындағы №26 мектептің оқушысы Иманғали Мыңжасар мен №9 IT-лицейінің оқушысы Бибарыс Михаш зеректігімен дараланып, жеңімпаз атанды. Олар олимпиаданың 2 орынын иеленді.
World Robot Olympiad (WRO) бүкіләлемдік робототехника олимпиадасы 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл білім сайысының алғашқы іріктеуіне дүниежүзі бойынша 15 мың команда қатысқан. ,Олардың ішінен финалдық кезеңгее 73 елдің 365 командасы жолдама алған болатын.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының білім беру мекемелерінде 127 робототехника кабинеті жұмыс істейді. Яғни шаһардағы білім ошақтарының 84,1 пайызында оқушылардың робототехникамен айналысуына жағдай жасалған.
Шымкент оқушылар биылғы оқу жылында мұнан өзге де бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Жуырда ғылыми жобалар сайысынан шымкенттік 4 оқушы да жүлдемен оралды. Олар мегаполистегі физика-математика бағытындағы зияткерлік мектебінің шәкірттері. Жүлдегерлер: Гүлайым Жексенбек жетекшілері Бақыт Амалбекова және Гүлжамиля Сүлейменовамен «Патриоттық тәрбие беруде Б.Момышұлының шығармаларының маңызы» тақырында жасаған зерттеу жұмысы, Зере Рыстанбектің жетекшісі Данияр Байтуреевпен «Шөген ұлттық ойынының тарихы мен дамыту жолдары» жазған жұмысы, Бағдар Нұржабевтың Динара Алимкуловамен жазған «Comparative study of idioms about personality in English and Kazakh languages» зерттеулері қазылар алқасынан жоғары бағаланып, жүлдегер атанды. Ал эссе жазуы секциясы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекжан Көпбосыновтың оқушысы Оралхан Абдужаппардың «Туған жер – тұғырым» шығармасы да жүлделі 3-орынға лайық деп танылды.
Сондай-ақ, Шымкенттік оқушылар «Ясауитану» республикалық байқауында да жүлделі болды. №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі тарих пәнінің мұғалімі Айтолқын Орынбаеваның жетекшілігімен 8 сынып оқушысы Тәңірберген Жанел – Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған, Түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтері мен ілімін насихаттап ІІІ орын алды. Сондай-ақ, Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің теология факультетіне оқу грантын жеңіп алды.