ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҒЫН ҚОРҒАУ БАСТЫ НАЗАРДА
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысының хаттамасына сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Кожабекова, «Сенім Ай» қоғамдық бірлестігінде «Көмек» дағдарыс орталығының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары Малика Жүсіпова, Қазақстан әйелдер күштері Альянсының Түркістан облысы бойынша саясаткер әйелдер клубының жетекшісі, “Бақ-Нұры” іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова Созақ аудандық комиссия мүшелерімен кездесті.
Кездесуге аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, комиссия мүшелері, “Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам” әлеуметтік орталығының директоры мен әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу бөлімшесінің мамандары қатысты.
Жиын барысында М.Жүсіпова мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отбасын қолдау орталықтарын тек ірі қалалар мен облыс орталықтарында ғана емес, шалғай жатқан елді мекендерде де көптеп ашу қажеттігі, ондағы мақсат-түрлі қиындыққа тап болған жанұяға жан-жақты қолдау көрсету екендігін, мұндай орталықтарда кез-келген жанға құқықтық және психологиялық көмек көрсететіндігін жеткізді.
Н.Қожабекова адам құқықтарының қорғалуы, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау басты назарда екенін жеткізді.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары С.Маманов ауданда атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар мен отбасын қолдау орталығының қызметі туралы баяндады.
Жиын соңында облыстық жұмысшы топ құрамы мүшелерінің тарапынан қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру, мобильді топтардың жұмыстарын жандандыруды және орталықтың жұмыстарын жүргізу бойынша кеңінен насихаттау сынды тапсырмалар берілді.
Жиын алдында, жұмысшы топ құрамы Созақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу секторы» мен “Отбасын қолдау” бөлімшесінің жұмыстарымен танысып, өзекті мәселелерді талқылады.