ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОЙЛАТЫН ТАЛАПТАР КҮШЕЙДІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысында мүгедектігі бар адамдардың мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге қойылатын талаптар күшейтілетін болады. Оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының жергілікті атқарушы органдар жанындағы әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссиялардың қызметін регламенттейтін және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін жеткізушілерге қойылатын талаптарды күшейтетін қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер енгізу туралы бұйрығының жобасы негіз болды.

Енді санаторий-курорттық емдеу қызметтерін жеткізушілер порталда санаторийлік-курорттық ұйымдардағы орындардың жалпы саны бойынша, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен оларды бірге алып жүрушілер үшін берілетін орындардың саны туралы ай сайын жалпы алғнада төсек-орындар санының кемінде 10%-ы көлемінде деректерді енгізуге міндетті.

Сонымен бірге бұйрық жобасында оларға бару арқылы жеткізушілерге мониторинг жасау көзделген. Осылайша, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін тауарлар мен қызметтердің өнім беруші мәлімдеген сипаттамаларының сәйкестігі тексеріледі.

Мониторинг сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен немесе әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілген мүгедектігі бар адамдарға бару арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа жергілікті атқарушы органдар жанындағы әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссиялардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына мүгедектігі бар адамдардың шағымдарын қарау мерзімі 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылады.