ӨНЕРЛІ ЖАС – ӨРЕЛІ ҰРПАҚ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкентте арт спорт бағдарламасы бойынша Өнер мектептерінің жылдық есеп беру кеші өтті. Концертте бүлдіршіндер әуелетt ән салып, мың бұралып би биледі. Сахна төрінде домбырамен күмбірлете күй төккен 60-қа жуық өнерлі өрен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Концертке kaz vertex, almusha және  khan өнер мектептерінен 1 мың 200-ге жуық бала қатысып, өз өнерлерін паш етті. Бірі ән шырқаса, енді бірі домбырада күй шертіп, әуелете ән салды. Мектеп өкілдерінің айтуынша мұндай шаралар ел болашағы болар бүлдіршіндердің бойындағы мәдениетті дамытуда маңызы зор. Сондай-ақ, кеш барысында 200-ге жуық суретші өнерпаздардың шығармалары көрермен назарына ұсынылды. Әр түрлі тақырыпта бейнеленген суреттер ата-аналармен қоса кеш көрермендерін де таң қалдырды. Өнер туындылары түрлі жанрды қамтиды. Туған жерге болған сағыныш пен оның әсем көріністері, жастық жалын мен махаббат, кенеп бетіне сурет боп түскен.   Қылқалам шеберлері өмірдің қас-қағым сәті мен айналадағы сұлулық атаулыны жүрекпен ұғынып, қылқаламмен өрнектей білген.

Өскелең ұрпаққа жол ашу үшін, барлық жағдайды жасау керек деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылды балалар жылы деп жариялаған болатын. Осы жыл аясында бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді пайдалану, оларды өнерге баулу мақсатында өнер мектептері қажырлы еңбек етіп келеді. Өткен жылдың қыркүйек айында өз жұмысын бастаған мектептер оқу жылы аяқтап, шәкірттерінің үздік жетістігін көрсетті. Ілкімді жобаның ата-аналар үшін тиімді жағы көп. Үйірмелерге ақша төлеп шығынданбайтын болды. Бұған дейін әр бала үшін айына 8-10 мың теңге төлейтін.  Енді бұл қаржыны баланың өзге қабілеттерін дамытуға  жұмсауына болады.

Айта кетейік, артспорт бағдарламасы бойынша өнер мектептеріне кез келген ата-ана бүлдіршіндерін тегін қатыстыра алады. 6-17 жасқа дейін балалар  2 үйірмені таңдауға мүмкіндігі бар. Өрендер мектепте домбырамен ән айту, күй шерту, дәстүрлі және эстрадалық би, сурет салу сынды үйірмелерде өз қабілеттерін шыңдауына мүміндігі бар.