Ө.ЖӘНІБЕКОВТІҢ МҮСІНІ ЖАҢА ОРЫНҒА ОРНАЛАСТЫ
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Шымкент қаласының Түркістан көшесінің бойында орналасқан «Орталық» саябақтың аумағында бір ерекше мүсін тұратын. Қазақтың мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековке ерекше құрметтің белгісі ретінде қойылған болатын. Бұл мүсіннің ерекшелігі, кәдімгі адамның бойындай етіп жасалып, тұғырға емес, саябақ ішіндегі алаңқайдың тікелей жеріне орнатылғына орталған-тын. Бақ ішінде серуенге келген кісі өзінің бойымен бірдей мүсінмен қатарласа тұрып, естелікке селфи түсіп жатушы еді.
Аталған ескерткіш 2021 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерекесі қарсаңында орнатылған. Монументтік өнер құрылысының басты ерекшелігі – мүсіннің тұғырға емес, тікелей жерге орнатылуы. Мүсіннің биіктігі – 2,2 метр. Оның авторлары – Т. Бинаш пен Г. Мелдеш. Мүсіннің орналасқан дөңгелек тұғырында «Өзбекәлі Жәнібек» деп жазылған болатын.
Осы бір ерекше мүсінді қала тұрғындары, көпшілік қолқалалап, биік тұғырға қою туралы жиі ұсыныс айтып жатты. Қала жұртшылығының ұснысын ескерген шаһар басшылығы Ө.Жәнібековтің мүсінің орнын да, тұғырға орнатылу мәселесін де шешті. Сөйтіп, 2025 жылдың соңына қарай қазіргі тқрған жеріне, А.Байтұрсынов және Ғ.Ильяев көшелерінің қиылысына, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ оқу корпусы мен жатақханасының арасындағы алаңқайға ауыстырылды.
Осылайша, Ө.Жәнібековтың мүсіні жаңа мекенжайға орналасып, қала сәулетін арттыра түсіп отыр.
Байсұлтан ТАЛХАТ
«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК кіші қызметкері