1 МЫҢНАН АСА ҚАНДАС АТАЖҰРТҚА КЕЛІП, КӘСІПТІК МАМАНДЫҚТАРДЫ ИГЕРДІ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Өзге мемлекеттерден Шымкентке қоныс аударған қандастарымыз аймаққа бейімделумен қатар кәсіптік мамандық та игеріп шығады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан 2008 жылы  «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған. Онда атажұртқа келген азаматтар  аспаз, кондитер, есеп және аудит, электрик, тігінші, газэлектродәнекерлеуші секілді  6 түрлі кәсіптік мамандықты игеріп шығады.  

Одан бөлек, өз қалауларына қарай қазақ тілі, орыс тілі, ҚР Заңнамасы, ҚР тарихы, этно-педагогика (әдет-ғұрып), халық педагогикасындағы отбасылық тәрбие сынды 6 пәндік дәрістер оқытылады. Тарихи Отанына оралған қандастарымыз «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінда 6 ай мерзім  тегін тұрып, ақысыз қызмет түрлерін пайдалана алады. Орталықта бүгінде 8 отбасы 27 қандас азамат тіршілік етуде. Оның 15-сі  бала, 12-ы – ересек. Орталықтағы азаматтар  үшін- асхана, демалыс бөлмесы және арнайы оқу бөлмелері қарастырылған. Сондай-ақ,  қандастар жеке меншік оқу орталықтарымен жасалған әріптестік байланыс аясында, 5-17 жас аралығындағы балалар, «Шешендік өнер», «Зергерлік өнер», «Шахмат», «Домбыра», «Биссермен өру», үйірмелеріне тегін қатысу мүмкіндігіне ие.  Ұжым қызметкерлерінің көмегімен   орталыққа «Отбасы банкінің» кеңесшілері келіп,  баспана алу жайлы кеңестер беріледі. Осы істің нәтижесінде бүгінге дейін  5 қандас азамат банктен жеке депозитін ашқан.

Орталықтың күнтізбелік жоспарына сәйкес, тұрақты түрде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, атажұртына оралған қандастарымыз мәдениет ошақтарына және тарихы қасиетті орындарға жиі барып, ұлттық салт-дәстүрімізбен етене танысуда.  Айта кетейік, орталыққа 2008 жылдан қазіргі таңға дейін 789 отбасы, 2216 қандас келіп бейімдеу қызметтерін пайдаланып, 1060 қандас кіші кәсіптік мамандық алып шықты.

Биылғы жылдың мамыр айына дейін өзге мемлекеттерден Шымкент қаласына қоныс аударып, тарихи отанымен табысқан  256 отбасыға, яғни 353 азаматқа қандас мәртебесі берілді. Олардың дені ТМД елдерінен көшіп келген этникалық қазақтар. Қандас мәртбесін алған 353 адамның 181-і ер азамат, 172-і әйел. Олардың ішінде 161-і  еңбекке жарамды. Ал жүзден астамы зейнеткер және 86-ы әлі кәмілет жасына жетпеген балалар. Шымкентке қоныс аударған қандастырымыздың дені орта арнаулы білімі барлар. Сауатсызы мүлдем жоқ. 40 азамат жоғары білімі бар білікті маман саналады. Қоныс аударғандың көпшілігі бұған дейін Өзбекстан Республикасында өмір сүргендер. Мысалы: Шымкентке көшіп келгендердің 336-ы Өзбекстаннан, 14 азамат Ауғанстаннан, 2 адам Ираннан және 1 қандас бауырымыз Монғолиядан көшіп келіп отыр.