1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Биыл Түркістан облысында 1 мың 181 шақырым жол  жөнделеді. Бұл туралы  облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді.  Оның айтуынша 2025 жылы облыс аумағындағы  283 нысанда қалпына келтіру үшін  құрылыс-жөндеу жұмыстарымен  қазынадан қаржы бөлінген.

Жалпы, Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы  678 шақырым болса, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар 3983 шақырым.  Мұнан бөлек елді мекендерде  11305 шақырым болатын көшелер бар. Жыл қорытындысымен 222 нысан немесе  929,3 шақырым жол пайдалануға беріледі деп  жоспарланып отыр.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мәселелер Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде кеңінен талқыланды. Өңір басшысы жауаптыларға жұмысты ширатуды тапсырды.

– Биыл облыстық маңызы бар жолдарға  19,6 миллиард теңге бөлініп, 24 нысан немесе 225,5 шақырым жерде жол құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 17 нысан (оның ішінде 7-еуі көпір) немесе 111,8 шақырым жол пайдалануға беріледі. Аудандық маңызы бар жолдарға 3,1 миллиард  теңге бөлініп, 24 нысан немесе 130,7 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстары атқарылады. Биыл 12 нысан немесе 49,3 шақырымы пайдалануға беріледі. Елді мекен көшелеріне келсек, 235 нысан немесе 831,2 шақырым жол жөнделіп жатыр. Жыл соңына дейін 193 нысан немесе 774,4 шақырым жол пайдалануға беріледі деп жоспарланған. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 140 елді мекенде 90 нысан (347 көше) немесе 391,8 шақырым көше жөндеу жұмысымен қамтылуда. Жыл соңына дейін 87 нысанды пайдалануға беру көзделген. 2025 жылдың қорытындысымен жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 93,7%-дан 95%-ға жеткізу жоспарланған,-деді,-мәжілісте сөз алған Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев.

Мәжілісте осы саладағы жұмысқа кері әсерін тигізіп жатқан факторлар зерделеніп, жауаптыларға мемлекеттік сатып алу жұмысын жеделдету, битум шығаратын зауыттардың жұмыс қарқынын түсірмеу, мердігерлердің жұмысын бақылап, жол сапасын жақсарту, айналма жолдардың құрылысын үйлестіру жөнінде тиісті міндеттер жүктелді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров

сала мамандарына ең алдымен жол сапасына айырықша мән беруді тапсырды. Бұл бойынша тиісті мекемелер тарапынан кемшіліктер анықталса, жауапты басшылар, аудан, қала әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.  Және әр жоба қатаң бақылауға алынатынын қаперлеріне салды.

Жиында «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның Түркістан облыстық филиалы басшысының міндетін атқарушы Мұрат Мықтыбаев атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Биыл Түркістан қаласында да жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.   Облыс әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығындағы Қазыбек би және О.Жарылқапов көшелері аралығындағы жол құрылысының барысын аралап көрді. Ұзындығы 2,5 шақырым болатын бұл жолдар төрт жолақты етіп төселіп жатыр. Қаржы бөлу ісінде кешеуілдеу болмаса биыл құрылыс межелі мерзімде толық аяқталмақ. Сондай-ақ Тәуке хан көшесін жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Оның бетіне ұсақ түйіршікті асфальт төселіп, аяқжолдар салынады.

Облыс басшысы Б.Қалаби көшесін реконструкциялау жұмыстарын да көрді.Ұзындығы 7,4 шақырым жолдың құрылысы аяқталса қала орталығындағы өзге көшелерге түсетін жүктеме едәуір азаяды. Әсіресе «Бекзат» шағынауданының тұрғындарына өте қолайлы болмақ.  Жоба 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланған. Бүгінде бөлінген қаржының 3 миллиард 463 миллион 412,3 мың теңгесі игерілген. Облыс әкімі жол жөндеу саласындағы жұмыстар бойынша қала әкімі мен жауапты орынбасарларының есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Мәселелер бақылауға алынды.

Айта кетейік, биыл Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүріп жатыр.

Ал, Жетісай ауданында қоғамдық көліктер  қатары жаңа техникалармен толықты.  Аудан аумағында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын «SAR avto» ЖШС арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы елді мекен тұрғындарының аудан орталығына қатынауын оңтайландыру мақсатында 10 бағыт бойынша қоғамдық көліктер санын арттырып отыр. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының жеңілдетілген лизингтік қаржыландыруы арқылы алынған отандық көліктер заманауи талаптарға сай жабдықталған, жолаушылардың талаптарын толықтай қанағаттандыра алады. Мұздатқыш және желдеткіш жүйелерімен, ыңғайлы орындықтармен және қауіпсіздік белбеулерімен қамтамасыз етілген. Жаңа көліктердің кілтін аудан әкімі