42 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында тұрғын үй қорын сақтау және пайдалану шаралары аясында 2021 жылы көп қабатты 11 үйге және Желтоқсан көшесіндегі 2 үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Оған жергілікті бюджеттен арнайы  қаржы бөлініп,  тиісті жұмыс атқарылды. Бұл туралы  тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева айтты.

Олар – Нұрсәт шағынауданындағы №№ 130, 134А, 134Б, 135А, 135Б, 135В, 212, 216, 14 және Желтоқсан көшесіндегі №№ 19, 19А үйлер. Сонымен қатар, тұрғын үй қорын күрделі жөндеу бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылы жергілікті бюджет есебінен қайтарымды негізде қаржы бөлініп, көп пәтерлі 25 үйде күрделі жөндеу жоспарланған, жыл қорытындысымен 20 үйді жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған 5 үйдің жұмысы биылға ауыстырылды.

Бүгінгі таңда коммуналды меншіктегі көп қабатты үйлерге жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 18 үйді ағымдағы жөндеуден өтті. Сонымен қатар коммуналдық меншіктегі  22 үйді ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 2022 жылы қала аумағында «Коммуналды дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы» аясында қайтарымды негізде көп қабатты 42 үйді күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынуда. Ал көп қабатты 16 үйдің лифттерін ауыстыруға мемлекеттік сараптама жүргізілуде.

Осы орайда айта кету керек, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге оны тұрғызған компания  5 жыл мерзімге  кепілдеме береді.   Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес көп пәтерлі үйлердің белгіленген пайдалану мерзімі бар. Осы мерзім ішінде құрылыс салушы, уәкілетті компания және мердігер (бас мердігер) жобалау-сметалық құжаттамаға және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес салынған және пайдалануға берілген үйдің сапасын сақтауға кепілдік береді. Ал, 5 жылдық кепілдік мерзімі аяқталған соң азаматтар тұрғын жайды өздері күтіп-ұстауға міндеттеледі.