Алдымен мемлекеттік бағдарламалармен баспаналы болғандар туралы айта кетейік. Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы бойынша 2021 жылы 300 жас жалдамалы баспанамен қамтылды. 2020 жылы аталған бағдарлама бойынша – 904 азаматқа пәтер кілті табысталған.Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз берілген пәтерлердің пайдалану мерзімі 5 жыл.
Сонымен қатар, 2021 жылы «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 365 отбасы, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 1 460 отбасы, несие негізінде тұрғын жаймен қамтылды. Ағымдағы жылы 5-20-25 кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша 1088 азаматты тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Аталған тұрғын үйлердің конкурсы кезең-кезеңімен Отбасы банк арқылы жүргізілуде. 2022 жылы Шымкент қаласына «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша 449 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету үшін лимит бөлінді. Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру ағымдағы жылдың 20 маусымнан -19 шілде аралығында «Отбасы банк» АҚ –ның интернет-ресурсы арқылы қабылдануда.
«2-10-20 Бақытты отбасы» Отбасы банкі арқылы тұрмысы төмен отбасыларға – жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған. Бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген көп балалы, толық емес, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.
Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысының соңғы 6 ай ішіндегі айлық табысы, қаржы жылына белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (әрбір отбасы мүшесіне 115 905 теңге) аспауы тиіс. Нақты айтқанда 2022 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 37 389 теңгені құрайды;
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде тұруы.
Кредит беру талаптары:
– қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
– тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды;