5 АЙДА 60 ПАЙЫЗ ТАБЫС: ТУЫСТАРЫНЫҢ КАРТАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША АЛЫП ОТЫРҒАН ӘЙЕЛ ШЫМКЕНТТЕ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
- Шымкент қаласы, Қаратау ауданы

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Ansar Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінде мәлімдеді, деп хабарлайды openkazakhstan.kz порталы ашық көздердегі nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған ведомствоның ресми t.me/afm_rk Тelegram-каналында хабарланғандай, күдіктілер өздерін зергерлік бұйымдар сататын компания ретінде көрсетіп таныстыра отырып, салымшыларға 5 айдың ішінде салынған соманың 40-60% мөлшерінде ай сайынғы табыс уәде еткен, сондай-ақ негізгі капиталдың сақталуына кепілдік бере отырып салымшылардың сеніміне кірген екен.
Алайда, нақты іс жүзінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылып отырыпты.
– Нәтижесінде, қаржы пирамидасына екі жүзден астам қатысушы тартыла отырып, 400 миллион теңгеден астам қаражат салынған. Сонымен қатар, ұсталған күдіктілер схеманың басқа мүшелерінен түскен ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін банктік карталарын пайдаланып, туыстарын негізгі тірек қайнар көз ретінде тартқан, – дейді Қаржылық мониторинг агенттінің телеграм арнасы.
Ведомствоның ресми телеграм арнасы таратқан мәліметінше, қаржы пирамидасының болжамды ұйымдастырушысы қамауға алынып отыр. Қазіргі уақытта оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеулер қойылған. ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабына сәйкес, қылмысқа қатысы бар өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды. Тұтқындалған күдікті бүгінде тергелу үстінде.
Осы тұста еске сала кетсек, eGov.kz порталында хабарланғандай, қаржы пирамидасы – бұл, алаяқтықтың бір түрі, онда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшаны немесе өзге мүлікті не оған құқықты тартудан түскен табыс/кіріс қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке тартылған қаражатты пайдаланбай, осы активтерді қайта бөлу және осы активтерге басқалардың жарналар шоты арқылы бір қатысушыны байыту жолымен қалыптастырылады. Қаржы пирамидасының ең маңызды ерекшелігі – тез және оңай ақша табу туралы уәде беру арқылы жасалады. Олар көбінесе өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде орналастырады, мысалы, акциялар мен облигацияларды сатып алуды ұсынады, жоғары кірісті құрылысқа, алтын өндіруге немесе өте тиімді өндіріске ақша салуға уәде беріп отырады.
Қаржы пирамидаларын жасаушылар мен басында тұрған ұйымдастырушылар жарнамалық науқанда жарқ ете көрінетін өтімді және тартымды ұрандар ойлап табады. Ондай ұрандардың бірқатарына тоқсалсақ: интернет-компания, инновациялық жоба, криптовалюталар, тұрғын үй кооперативтері, алтын, әлеуметтік желілер болуы мүмкін. Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық жасау ісіне қылмыстық жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен, ал қаржы пирамидаларын жарнамалау ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 217-1-бабымен жауапкершілікке тартылады.
Көрнекі фотосурет t.me/afm_rk телеграм каналында таратылған бейнежазбадан скрин алынды.