500 МЛН ТЕҢГЕГЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛЕДІ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында 2022 жылы 500 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып отыр.

 Сертификат алу үшін қандай құжаттар керек?

  • нысан бойынша өтініш;
  • өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама;
  • жұмыс орнынан анықтама (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда);
  • қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы банктің хаты.

Құжат тапсырылатын орын:

Өтініш кezekte.kz. интернет ресурсы арқылы қабылданады.

Әрбір азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

Тұрғын үй сертификаттарын алу үшін азаматтардан өтінімдер қабылдау басталатыны туралы хабарлама барлық бұқаралық ақпарат құралдарында (Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтына, инстаграмм парақшасына және жергілікті теледидар, газет т.б.) жарияланатын болады.