6 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСА ЖЕР ҚАЙТА АЙНАЛЫМҒА ҚОСЫЛДЫ

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

Түркістан облысы Келес ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 151 жер учаскесі қайта айналымға қосылды. Нәтижесінде 6 мың гектардан астам жер телімі жеке және заңды тұлғаларға берілді. Бұл мақсатта өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде ауданда үш рет конкурс өткізілді.

Жерді пайдалану заңдылықтарының сақталуы және бос жерлерді түгендеу жұмыстары Жүзімдік, Ошақты, Ақтөбе, Бірлік және Біртілек ауылдық округі аумағында жүргізілді. Түгендеу барысында аталған ауылдық округтерде біршама бос жер телімдері анықталған. Оның ішінде бірнеше шаруа қаулы немесе шешім арқылы мемлекеттік актілерін алмай, жерді заңсыз пайдаланып келгені мәлім болды. Түгендеу нәтижесі бойынша бос жер телімдерін тиімді пайдалану жөніне аудан әкімдігіне ұсыныс енгізілді. Аудан әкімдігінің қаулысы негізінде шаруа немесе фермерлерге жағдай жасалды.

Бүгінгі таңда жерді түгендеу жұмыстар жұмыстары Қошқарата ауылдық округі аумағында жалғасып жатыр. Жалпы Келес ауданында жерді мақсатты пайдалану мәселесі қатаң бақылауда тұр. Қайта айналымға қосылған жерлер енді тиімді игеріліп, өңір экономикасына үлес қосатын болады.

Көрнекі фотосурет ашық интернет көздерінен алынды