«Бақытты жанұя» орталығы – Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме. Мекеме жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетеді. Биыл жыл басынан бері орталықтағы қысқа мерзімді тегін оқу курстарында 600-ден аса ана оқып, кәсіп істеуді үйренген.
Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әр-бір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету болып табылады.
Бүгінгі таңда, қала бойынша 37 мың 14 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық көмек, медиаторлық бітім, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және тағы басқа да) қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 527 азаматқа психологтың жеке кеңесі, 381 азаматқа заңгер кеңесі берілген.
Табыс тауып, кәсібін игеруге қолдау көрсету үшін аналарға арнайы тігіншілік, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, балаларға арналған массаж, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед курстары ұйымастырылған. Кәсіптік тегін оқу курсынан өткен азамтшалар арасында кәсіптің қыр-сырлары туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 ана грант иегері атанды. Бүгінде кәсібін ашқан азаматшаларға құқықтық көмектер көрсетілуде.
Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 14 әлеуметтік қызмет көрсететін орталық бар. Халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру мақсатында мемлекет тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп, басқармаға қарасты мекемелердің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді.
Қаламыздың әлеуметтік саладағы оң динамикасын аңғарған республикамыздың өзге облыстарынан әріптестеріміз арнайы келіп, жұмыс методикасымен танысуда. Жыл басынан Павлодар, Талдықорған, Қызылорда және Түркістан облысының аудандарынан әлеуметтік сала бойынша басқарма қызметкерлері іс-сапармен келіп, «Бақытты жанұя», «Тең қоғам», «Белсенді өмір сүру» мекемелерімен танысып қайтты. Аталған орталықтар салалалық бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Олардың жыл өткен сайын материалдық-техникалық базасының жақсарып келеді,-дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.