8 АУЫЛ МЕН 3 МЕКТЕПКЕ АТАУ БЕРІЛДІ

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

Түркістан облысы Келес ауданындағы 8 елді мекен мен 3 мектептің атауын өзгерту туралы ұсыныс ономастика комиссиясының оң қорытындысын алды. Республикалық ономастика комиссиясының шешімімен аудандық білім бөліміне қарасты №7 жалпы орта мектебіне Мұхтар Әуезов, №5 жалпы орта мектебіне Төле бидің, №21 жалпы орта мектебіне М. Жұмабаев есімі берілді.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен мәслихат сессиясында Келес ауданындағы 8 елді мекеннің атауын өзгерту туралы ұсыныстар қаралып, мақұлданды. Қазіргі таңға бірлескен шешімді тіркеу үшін, жаңа заң талабына сәйкес, ҚР Әділет министрлігінің келісіміне жіберіліп отыр. Осы шешімнің негізінде Ақтөбе ауылдық округінің М.Горький елді мекені Кеңдала, Қызыләскер елді мекені Лесбек батыр, Ошақты ауылдық округінің Орджоникидзе елді мекені Сәмбет Саттаров, Біртілек ауылдық округінің Димитрово елді мекені Ораз ата, Әзірбайжан елді мекені Көлтоған, Алпамыс батыр ауылдық округінің “Ленин жолы” елді мекені Ақжол, Қошқарата ауылдық округінің “Первое мая” елді мекені 1 Мамыр, Бірлік ауылдық округінің Коммунизм елді мекені Ащысай болып аталады.

Осылайша, қазіргі таңда аудандағы мектептердің 17 тарихи жер-су атауымен, 36-ы ұлт мақтаныштары мен зиялылардың есімімен аталады. Тағы 10 мектепке атау берілуі керек. Ал, ауылдардың 74 тарихи атауын иемденсе, қалған 9-ы адамдардың атымен аталады.