900-ДЕН АСТАМ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Биыл жыл басына  Түркістан қаласында белгіленбеген, рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткен 900-ден астам жаяу жүргінші  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жәйттер полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы  анықталған.

Ереже бойынша жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жол жиегімен қозғалуы тиіс.

Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жиегі болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен (көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бір қатарда қозғалуларына болады.

Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларды болдырмау және оның  алдын алу мақсатында  полиция департаментінің қызметкерлері  кешенді  іс-шаралар өткізіп келеді. Бұл орайда жолдағы қауіпсіздік тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де тығыз байланысты екенін ескеруіміз қажет.  Мәселен, жиі орын алатын заң бұзушылықтардың бірі тұрғындар жолдан өтіп бара жатса да, телефонға қарауын тоқтатпайды. Құлаққап арқылы әуен тыңдайды. Енді бірі телефонмен сөйлеседі. Бұл да жүргіншілерді алаңдатады. Сондықтан тәртіп сақшылары жолды кесіп өті кезінде ұялы телефон және басқа нәрселерге назап аудармастан сақтық шараларын қатаң ұстанғаны дұрыс.

Полицейлердің айтуынша, белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншілерге 2  айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ережені бір жыл ішінде қайта бұзған жағдайда айыппұл 10  айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды.

Ел аумағындағы соңғы уақытта тіркелген статистика  деректеріне сүйенсек, жолдағы апаттардың үштен бірі жаяу жүргіншінің қатысуымен тіркеліп жатады.

Сондықтан белгіленбеген жерден өту жол қозғалысының барлық мүшелеріне қауіпті екенін есте ұстаңыздар. Жол қозғалысы ережесін сақтаңыздар.