«TEN QOGAM» – МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында былтырғы жыл ашылған «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізетін орынға айналды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты мекеме мүгедектігі бар азаматтарға ақпараттық-консультациялық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетеді. Олардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету мақсатында ашылып отыр.

Орталықта бірнеше қызмет түрі көрсетіледі. Оның біріншісі, ақпараттық – консультациялық қызметтер көрсету бөлімшесі.  Бұл құрылыс мүгедектігі бар азаматтарға e.gov электрондық үкімет порталы арқылы жәрдем береді, «Әлеуметтік такси» қызметіне құжат қабылдайды. Сондай-ақ компьютерлік сауаттылық бойынша:  Windows операциялық жүйесі; Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint)  қосымшаларында жұмыс істеуді үйретеді. Internet  жаһандық желісінің қызметтерін қолдануды меңгертеді. «Әлеуметтік қызметтер көрсету порталында» мүгедектігі бар қызмет алушыларға  «Әлеуметтік порталмен қолдану жолдарын үйрете отырып, қызмет түрлерін көрсетіп келеді.

Екінші, әлеуметтік қызметтер көрсету  бөлімше тобының қызметтері:

– Көрсетілетін қызмет алушыларды қабылдау, орналастыру және оларға әлеуметтік қорғау мен көмекке мұқтаж адамдарға жағдай жасау;

– Орталықта көрсетілетін қызмет алушылардың бейімі бойынша еңбек қызметінің түрлерін (тоқыма материалдармен жұмыс, кесте тігу,  тігін тігу, табиғи материалдармен жұмыс, ермексазбен жұмыс, сурет салу т.б) қатыстыру,

–  Мәдени, тынығу, іс – шараларын ұйымдастыру;

– Орталықта көрсетілетін қызмет алушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында әлеуметтік мәдени, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру және кітап журналдарымен таныстыру, іс- шаралар ұйымдастыру.

– Қызмет алушыларға ой – өрістерін дамыту үшін және бейнелеу өнерінің түрлерін, сурет салу техникасын үйрету.

– Дәрігерлік кеңес алу және фито бар (әртүрлі шөптік, емдік шәйі) түрлері көрсетіледі.

Үшінші жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және құқықтық-психологиялық қызметтер көрсету  бөлімше тобы:

–  Көрсетілетін қызметті алушыларға өз мүдделерін қорғау

құқығымен байланысты мәселелері бойынша кеңес беру;

–  «Инва» такси қызметіне құэат қабылдау:

–  Психологиялық кеңес беру;

–  Қызмет алушылардың мінез – құлқындағы, эмоционалдық

жай-күйіндегі ауытқушылықтарды  жеңуге немесе бәсеңдетуге

ықпал ете отырып, психологиялық кеңес беру жұмыстарын жүргізу;

– Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша ізденушілерге кәсіптік оңалтудың барлық кезеңінде қолдау көрсетіп, сүйемелдеу және кеңес беру ісін жүзеге асырады.