Астана қаласы

Астана – Қазақстан Республикасының астанасы. Бұл қала 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап астана статусына ие.

Миллионер қала мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізді, сол кезде тұрғындардың саны 1 002 874 адамға жетті.

Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 6 ауданға бөлінген.

Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ұсынысты алғашқы президент Н.Назарбаев ұсынды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде ел астанасын ауыстыру туралы шешім қабылдады. Орталық мемлекеттік органдардың Ақмолаға ресми көшуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда басталды.

1998 жылғы 6 мамырдағы сол кездегі Президенттің Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусым күні өткен болатын.

Қала бес әкімшілік бірліктен – Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр, Нұра және биылғы 2025 жылдың басында құрылған Сарайшық аудандарынан тұрады. Есіл, Нұра және Сарайшық аудандары қаланың даму динамикасына қарай кейінгі жылдары құрылды.

Аудандар

Есіл ауданы