Шымкент қаласы

Шымкент — Қазақстандағы қала, Республикалық маңызы бар қала, 2018 жылдың 19 маусымына дейінгі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы.

Тұрғыны шамамен 1 млн адам (2018 жыл). Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 2-ші орында (Алматыдан кейін). Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады.

Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын “бау-бақшалы қала”, “Жасыл қала”, “Шыммен қоршалған қала” – деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің “шым” және “кент” – қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) “чиминь-чемень” яғни, көгалды, гүлденген ал-қап, ал бұған “Кент” сөзінің жалғануымен, “жасыл (гүлденген) қала” деген мағынаны береді.

Ордабасы алаңы
Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер XI−XII ғасырларда болған деген гипотеза болатын. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған дәлел – археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлардың жерлеуші, мамандардың болжамы бойынша, біздің эрамызға дейінгі V-VІ ғасырларға тән.

Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жақында бір еркек пен әйелдің мәйіті табылды, және ол зороастрлық салтпен жерленгендігі анықталып отыр, олай болса бұл мәйітке 1500 жыл. Бірқатар археолог-ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл жерде үлкен қорым болған, егер бұл расталса, онда қаланың пайда болған мерзімі қайта қаралуы мүмкін. Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (1425 ж.) біздің жыл санауымыз бойынша 1365-1366 жылдардағы Әмір Темірдің әскери жорық-тары туралы жазған “Зафар Наме” атты (“Жеңіс кітабы”) кітабында кездеседі.

Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.

Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде “Петро Казахстан Ойл Продактс” АҚ (мұнай өңдеу), “Интеркомшина” (доңғалақ өңдеу), “Химфарм” (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда “Южполиметалл” АҚ (қорғасын және т.б. өнімдер), машина жасауда “Карданвал” (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), “Южмаш” (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру), “Электроаппарат” (қуатты электр қосқыштары және т.б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.

Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – “Восход” фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), “Адал” (тоқыма өнеркәсібі), “Эластик” (шүлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде “Шымкентцемент” АҚ (цемент өндіру) және “Құрылыс материалдары” (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.

Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен “Шымкентмай” және “Қайнар” (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын және т.б. өнімдер), “Шымкентпиво” (сыра өндіру), “Визит” (салқындатылған сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады. Сонымен қатар, қала шаруашылығында өздерінің дамыған бизнесімен және сапалы өнімдерімен көзге түскен түрлі саладағы фирмалар жұмыс істеп келеді. Коммуналдық қызметжүйесі: қалалықжәне қала-аралық көліктер даму үстінде.

Аудандар

Әл-Фараби ауданы

Еңбекші ауданы

Қаратау ауданы

Абай ауданы