Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысы — Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік|әкімшілік бірлігі.

Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түркіменстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылы 20 наурызда құрылды. 1988 жылдың 2 маусымында таратылып 1990 жылдың 17 тамызында тарихи “Маңғыстау” деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы – Ақтау қаласы.

Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды “Ұйқыдағы аруға” теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды.

Каспий теңізінің ғарыштан түсірілген суреті
Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал ш-мен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады.

Маңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі.

Облыстың шеткі нүктелері:

Батыс – Каспий теңізіндегі Құлалы аралы ш.б.
Шығыс Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан, Маңғыстаудың шектескен жерінде
Оңтүстік – Түркіменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы
Солтүстік – Атырау облысымен шкарадағы Желтау болып табылады.
Маңғыстау облысының ең биік нүктесі – Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы (). Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі (), Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады.

Аудандар

Қарақия ауданы