blog-single-image

“БАҚЫТТЫ ҚАЛАҒА САЯХАТ – 2” БАЙҚАУЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Шымкент
  • - 07.02.2022
  • 0

Шымкент қаласы Туризм басқармасының фейсбуктегі парақшасы “Бақытты қалаға саяхат – 2” байқауының жеңімпазы 7 ақпан күні анықталатынын хабарлайды.
Байқау жеңімпазына берілетін мүмкіндіктер:
– Өзімен қоса, Шымкенттің атмосферасын бірге тамашалаймыз деген жақынымен бірге келу;
– Шымкент қаласына тегін әуе билеті;
– “Aidana Plaza Hotel Shymkent” қонақ үйінде ақысыз бір күндік демалыс;
– Қаламыздың басты туристік нысандарына тур ұйымдастыру;
– Шымкент қаласының даму тарихын бейнелейтін «Цитадель» кешенін аралау;
– «Сандық» мейрамханасынан түскі ас;
БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:
– Басқарманың @shymkent_tourism және @visitshymkent парақшаларына тіркелу;
– Стористе көрсетілген видео-постқа өзіңізбен бірге келетін туысыңыз не досыңызды белгілеу; (неғұрлым көп белгілесеңіз, жеңімпаз атану мүмкіндігіңіз артады);
– Аталған постты, біздің парақшаны белгілей отырып сториске репост жасау (репост саны шектеусіз);
– Парақшаңыз ашық болуы тиіс
– Ең басты шарт – Шымкент қаласының және Түркістан облысының тұрғыны болмауыңыз қажет.
Байқауға қатысып, Шымкентке саяхат жасау мүмкіндігіне ие болыңыз!