blog-single-image

КӨКПАР МЕН АУДАРЫСПАҚ САЙЫСТАРЫНА КЕЛІҢІЗ!

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы,
  • -
  • 0

Ұлттық ат спорты түрлерін жақсы көретін қауым үшін тамаша жаңалық!

Биылғы Наурыз мерекесі қарсаңында, 17-ші наурыз күні қазақтың ұлттық ойындары КӨКПАР және АУДАРЫСПАҚ ат спорты түрлері бойынша ересектер арасында Түркістан облыстық ашық турнирi өткізіледі. Турнир «Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне» орайластырылып отыр.

Өткізілетін орны: Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы , орталық атшабары,

Басталатын уақыты: сағат 9:00де.

Қосымша сұрақтар бойынша:+77029084769 А. Қойлыбаев