blog-single-image

“ДӘМДӘСTOUR” ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ КЕЛІҢІЗ!

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Шымкент
  • 21.03.2022 - 22.03.2022
  • 0

Шымкентімізде биыл 11 күн қатарынан өтуі жоспарланған Әз Наурыз мерекесі де басталып кетті. Бұл басты мейрамның қарсаңында қалалық туризм басқармасы “ДӘМДӘСTOUR” атты Шымкент қаласы ресторандарының жәрмеңкесін өткізбек. Бұл жайында басқарма басшысы Е.Қыдыров өзінің фейсбуктегі парақшасында бөлісті.
Жәрмеңкеге 30-ға жуық жергілікті ресторандар қатысып, 6 номинация бойынша өздерінің үздік тағамдарын ұсынады.
Номинациялар:
– Шымкент палау;
– Үздік кондитерлік өнім;
– Үздік кәуап;
– Үздік самса;
– Үздік наурыз көже;
– Шымкенттік фаст-фуд.
Номинация иелері комиссия мүшелерінің шешімімен бағалы сыйлықтарға ие болады.
Шара аясында:
– Қонақтарға арналған ойын-сауық шаралары;
– Мәдени шаралар;
– Балаларға арналған қызықты шаралар;
– Ұлттық ойындар;
– Ресторандардан келушілер арасында конкурстар ұйымдастырылып;
– Музыкалық кеш өтеді.
Ендеше, баршаңыз 21-22 наурыз күндері 10:00-22:00 аралығында Әл-Фараби алаңына өтіңіздер!
Шымкент – дәмді, шырайлы, жанға жайлы!