blog-single-image

«OPEN FEST «The way of tulip» Shymkent» фестивалі өтеді

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Шымкент
  • 2019-04-27 - 2019-04-27
  • фестиваль
  • 0

«OPEN FEST «The way of tulip» Shymkent» («Шымкент «Қызғалдақ жолы» ашық фестивалі») фестивалі 27-ші сәуірде Шымкенттегі Арбат алаңқайында өтеді.

Биылғы шара Шымкенттің символына айналған қызғалдақтың гүлдеу маусымының жабылуына орай қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік фестиваль болмақ. Шара барысында шеру, балалар суреттерінің конкурсы, флешмобтар, кәсіптер қалашығы, селекциялар бойынша мастер-кластар, өнер аймағы, фотокөрме, интерактив кітаптар, «Fashion Tulip» сән көрсетілімі, суретшілер көрмесі, театрландырылған қойылымдар секілді іс-шаралармен  Шымкент көшелерін түрлі-түсті гүлге бөлеген қызғалдақ гүлі насихатталады.