БЕРЕРІ МОЛ БІРЕГЕЙ ЖОБА

Түркістан облысы шаруаларының табиғаттың мінезіне бейімделіп, ұзақ жылдар бойына өзгеріссіз қолданып келген мақта егу ісіне былтыр тың жаңашылдық енді.  Агроөнеркәсіп саласын түбегейлі жаңғыртатын, Орта Азия кеңістігінде баламасы жоқ мақта-тоқыма кластерін қалыптастыруға бағытталған ауқымды әрі стратегиялық жоба іске аса бастады. Отырар алқабындағы 33 мың гектар жерге жасанды интелектінің басқаруы және қадағалуымен мақта өсірілді. Агротехнологиядағы замануи жетістіктерді […]

Түркістан облысы шаруаларының табиғаттың мінезіне бейімделіп, ұзақ жылдар бойына өзгеріссіз қолданып келген мақта егу ісіне былтыр тың жаңашылдық енді.  Агроөнеркәсіп саласын түбегейлі жаңғыртатын, Орта Азия кеңістігінде баламасы жоқ мақта-тоқыма кластерін қалыптастыруға бағытталған ауқымды әрі стратегиялық жоба іске аса бастады.

Отырар алқабындағы 33 мың гектар жерге жасанды интелектінің басқаруы және қадағалуымен мақта өсірілді. Агротехнологиядағы замануи жетістіктерді мейілінше пайдалану, ағын суды үнемдеу және өнімділікті барынша ұлғайтуды мақсат тұтқан шетелдік компания сайын даланы тамшылатып суару жүйесін пайдалана отырып, игеруге кірісті. Инновациялық технологияның арқасында олар былтырғы жылы әр гектардан 40 центнерге дейін өнім жинап алды.

Биыл мақта алқабының аумағын тағы 20 гектарға ұлғайттық. Егістік басындағы жұмыстарды үйлестіріп,  басқаратын және бақылауды жүзеге асыратын сандық технологияға негізделген орталық басқару станциясы іске қосылды. Осындай жаңшалыдықтардың арқасында биыл былтырғыдан да мол өнім аламыз, гектарынан 45 центнер мақта жиналады деген ойымыз бар,-дейді компанияның басқарушы директоры Жанг Шай. 

Наурыз айының ортасынан бері егіс басында қызу еңбек. 16 танапқа бөлінген 50 гектар аумақтың топырағы қопсытылып, қазір ағын су жүретін түтікшелер тартылуда. Мол өнім алудың кепілі жер қыртысын ылғалдандыру болғандықтан бұл жұмысқа айырықша мән беріледі. Әр трактордың соңынан жүріп отыратын жұмысшылар түтікшелердің топыраққа бірқалапты деңгейде көмілуін ұдайы өлшеп, бақылайды. Тамшылатып суару жүйесі барынша суды үнемдеуге, топырақтың мелиорациялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді

Компанияда бүгінде 900-ге тарта адам еңбек етеді. Оның тек 5 пайыздайы ғана басқарушы мамандар. Жұмысшылардың дені жергілікті азаматтар. Олар өз қалауы мен икеміне қарай таңдаған ісін атқаруда. Және еткен еңбегіне қарай лайықты еңбекақысын уақытысынан кешіктірмей алып келеді.

Сағымданған сайын далада алыстан көз тартатын жұмысшылар қалашығының өзі атшаптырым аумаққа жайғасқан. Уақытша тұрғын жайларда жұмысшылар үшін  барлық жағдай жасалған.  Тынығатын жайлы бөлмелер, жуыну, тамақтану орындары да өркениетке сай.

Шетелдік компанияда егіс алқабында еңбектеніп жүргендерден бөлек кеңсе жұмысында істейтін жоғары білімді жергілікті азаматтар да бар.  Шұғыла Фазылова былтырдан бері осында бас есепші. Астана қаласында тұратын ол мекеме қажетті мамандарға байқау жариялағанда іріктеуден сәтті өтіп,  жұмысқа қабылданыпты.

Жергілікті халықтан біраз адам жұмыс істейміз басшылықта. Жоғары білімі бар мамандықтарға сұраныс түсіп жатады. Оны тауып беруге біз де тырысамыз. Мен өзім де сол сұраныспен Астана қаласынан келіп жұмыс істеп жатырмын. Қазақстан заңдарына сүйеніп, демалыстарын беріп отыр. Жасап жатқан жағдайларына көңілім толатын болғандық міне бір жыл болды жұмыс істеп жатырмын. Тамағы, жатын орын бәрі жақсы,-деген Шұғыла Фазылова шетелдік компанияда еңбек заңдылықтарының талаптары тұтастай сақталып отырғанына ризашылық білдірді.

Жұмысшыларға арналған қалашықта екі бірдей асхана жұмыс істейді. Оның бірінде жергілікті азаматтардың қалауына қарай ұлттық тағамдар әзірленеді. Ал, екіншісі – қытай асханасы. Күн бойына егіс басында еңбек ететін жұмысшылар күніне үш мезгіл осында тамақтанады.

Компанияда жұмысшылар үшін арнайы әлеуметтік қолдаулардың тізбесі де бекітілген. Көктемгі егіс науқаны аяқталғаннан соң жұмысшылар үшін спорт алаңдарын, кітапхана, мәдени тынығу орындарын салу жоспарланып отыр. Компанияның басқарушы директоры Жанг Шай:

– Еңбек кодексі бойынша әр жұмысшы аптасына 40 сағат қана  еңбек етеді. Бір күн демалысы бар. Мұнан бөлек мереке күндері тынығады. Оған қоса Қытайдың ұлттық мерекелерінде де қызметкерлерімізге демалыс береміз. Мерекелік думанды шаралар ұйымдастырамыз. Экологияға байланысты материалдық көмек беріліп тұратынын жеткізіді. .  

Жоба еліміздің түстігінде мақта өсіруден бастап, жіп иіру, мата тоқу, тігін және дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қамтуымен ерекшеленеді. Яғни агроөнеркәсіптік салаға жүйелі өзгеріс енгізіп, шикізаттық бағыттан арылуға,  дайын өнім өндіруге  негіз қалады. Климаттық өзгерістер жағдайында ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға мүмкіндік берді. Қазір компания былтырғы жиналған мақта талшықтарын тазартып, дестелеп, Түркістан қаласындағы тоқыма фабрикаларына жөнелтуде.

 «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» заманауи технологияларды пайдалана отырып, мақта шаруашылығын өңірде жаңа деңгейге көтерді. Толық өндірістік циклді қалыптастыру арқылы өңірдің экспорттық әлеуеті артып, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылуда. Осылайша кешен Түркістан облысының ғана емес, тұтас ел экономикасының дамуына серпін беретін стратегиялық жобаға айналды. Бастама Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, шикізатты терең өңдеу, нақты секторды дамыту және жаппай цифрландыру арқылы экономиканы жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының өңірлік деңгейде нақты іске асып жатқанын көрсетеді.