ЕВРОПАЛЫҚ ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
Түркістан облысында биылғы жылдың 19 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында «Барлығы үшін иммундау – адамның қолынан келеді» деген бастама аясында европалық иммундау апталығы өтіп жатыр. Бұл шара дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының европалық өңірлік бюросының ұсынысы бойынша жүзеге асуда. Осы бастаманың аясында аудандық, қалалық емханаларда тақырыпқа сай баннерлер мен көрнекілік құралдар ілініп, медиуина қызметкерлері мектеп оқушыларымен […]
Түркістан облысында биылғы жылдың 19 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында «Барлығы үшін иммундау – адамның қолынан келеді» деген бастама аясында европалық иммундау апталығы өтіп жатыр. Бұл шара дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының европалық өңірлік бюросының ұсынысы бойынша жүзеге асуда. Осы бастаманың аясында аудандық, қалалық емханаларда тақырыпқа сай баннерлер мен көрнекілік құралдар ілініп, медиуина қызметкерлері мектеп оқушыларымен және ата-аналармен семинар сабақтар өткізу үстінде. Бүгінгі күнге дейін вакцинаның маңыздылығы бойынша түсіндіру үшін облыс бойынша 12 дөңгелек үстел, 21 семинар өткізіліп, мерзімді баспасөз бен радио арқылы 46 хабарлама және үнпарақтар таратылған. Өңірдегі әрбір емдеу мекемесі вакцинаның пайдасы мен әсері туралы әлеуметтік желі парақшаларында жазба қалдырып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тығыз қарым-қатыныста жұмыс атқарып келеді.
Европалық иммундау апталығы адам өмірі мен денсаулығын сақтау үшін екпе салдырудың маңыздылығы туралы қалың қалың бұқараны, ата-аналарды, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді, атқарушы билік органдарының өкілдерін хабардар ету арқылы балалар мен ересектерді вакцинациялаумен қамтуды ұлғайтуды мақсат етіп отыр. Европалық иммундаудың негізгі міндеті халық арасында жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау, шектеу және жою үшін вакцинацияның маңызды құрал екенін түсіндіру, ұғындыру. Жалпы, қоғамда әрбір азамат аурулардан қорғану үшін спецификалық профилактика құралдарыды қолана алады және оны пайдалануға құқылы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммундау арқылы адамзаттың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуды, халықтың және медицина қызметкерлерінің осы жәйттен хабардар болуын, вакцина арқылы айығуға болатын аурулардың алдын алуды көздейді. Сондай-ақ екпе салдырудан бас тартқан азаматтарға бұқаралық ақпарат құралдары және жергілікті атқарушы орган өкілдері арқылы ықпал ете отырып, вакцинация жасату да қарастырылған.
Қазақстан Республикасында халықты иммундау ісі 11 инфекцияға қарсы жүргізіледі. Олар: туберкулез ( оған қарсы – БЦЖ), В гепатиті, пневмакок инфекциясы, дифтерия, көкжөтелге, сіреспе, полиомиелит, гемофильді инфекция, қызылша, қызамық, паротит (оған қарсы ККП) және папиллома (вирусқа қарсы Гардасил). Аурудың бұл түрлеріне қарсы екпе салдыру ұлттық егу күнтізбесіне сай жоспарлы түрде жасалады.
Бүгінде әлемде 20 дан астам инфецияға арналған вакциналар бар, соның арқасында кез келген жастағы адамдар дертке бой алдырмай дені сау болып өмір сүруде. Адамның иммундық жүйесі туылғаннан кейін біртіндеп қалыптасады.
Вакцинация жасатудың негізгі екі себебі бар: Бірінші бұл шара өзіңізді қорғауға және айналаңыздағыларды қорғауға мүмкіндік береді. Жаңа туған нәрестелер мен ауыр дертке шалдыққан немесе аллергиясы бар адамдар екпе ала алмайды. Мұндай жағдайда олар айналасындағылар вакцина алған жағдайда көптеген сырқаттан қорғана алады.
Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес: дифтерия, көкжөтел, сіреспе, пневмакок ауруларына қарсы вакцинациялау жұмысы сәбилерді 2 ай, 3 ай, 4 айлық кезінде, одан кейін 1 жас 6 айында және 6 жасар болған кезінде салынады. Жалпылама алғанда бала 6 жасқа толғанға дейін 5 вакцинация дозасын міндетті түрде алуы тиіс.
Ал, қызылша, қызамық, паротитке қарсы бала екпе балаларға 1 және 6 жасында салынды. Былтыр және биыл елімізде қызылша ауруына шалдыққандар саны көбеюіне байланысты өткен жылдың желтоқсан айынан бастап азаматтарды қосымша жаппай иммундау жүргізілді. Дәрілік екпе 6-11 ай арасындағы балаларға түгел салынуда.
Жатыр обырының алдын алу бойынша папиллома вирусына қарсы 11 жастағы қыздарға бірінші және екінші кезеңде 6 ай аралығығы сақтала отырып, гардасил екпесі егілуде.
Ересектер арасында дифтерия мен сіреспеге қарсы 16 жас, 26 жас, 36 жас, 46 жас, 56 жастағы азаматтарға дәрілік екпе салынып жатыр.
Вакцинациялау кезінде
– Дәрігер вакцинациядан бұрын баланы қара- тексеру жүргізіледі.
– Анамнез жинау кезінде дәрігерге ықтимал қарсы көрсеткіш бар жоғы анықталады.
– Ата аналар вакцинацияға хабардар етілген келісімді рәсімдейді
– Вакцинацияны білімі жоғары, маманданған, оқытылған егу мейірбикесінің емшара кабинетінде жүргізіледі. Келісім құжатымен пациентпен идентификация жүргізіп, екпесін егеді. Ата ана екпенің сақталуың, қаптаманы тексеруге құқылы. Егу паспортынада вакцина алған күні, атауы, дозасы, сериясы, толық жазылып егу паспортына түгел енгізіледі.
-Вакцинациядан кейін баланы аллергиялық реакциясын тексеру барысында толық 30 минут бақылайды. Қызылша, қызамық, паротитке қарсы егу жұмысынан кейін 5-7 күн аралығында реакция беруі мүмкін. Бұл қалыпты жанама әсері болады. Алаңдаудың қажеті жоқ. Вакцинадан кейін аймақтық мейірбикелері бақылау жасап қадағалап отырады.
Қорыта айтқанда, халықты иммундау жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді шарасы болып табылады.