ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР
БАУЫРЫН БӨЛІП БЕРІП, БАУЫРЫН АЖАЛДАН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ Отандық медицинадағы озық технологиялардың арқасында бүгінде Түркістан облысында трансплантология ісі қарқынды түрде дамып келеді. Облыстық клиникалық ауруханасында осымен үшінші рет бауыр трансплантациясы сәтті жасалды. Операцияны білікті дәрігер-хирург Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының мамандарынан құралған бірлескен команда […]
БАУЫРЫН БӨЛІП БЕРІП, БАУЫРЫН АЖАЛДАН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Отандық медицинадағы озық технологиялардың арқасында бүгінде Түркістан облысында трансплантология ісі қарқынды түрде дамып келеді. Облыстық клиникалық ауруханасында осымен үшінші рет бауыр трансплантациясы сәтті жасалды. Операцияны білікті дәрігер-хирург Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының мамандарынан құралған бірлескен команда жасады. 41 жастағы науқасқа бұған дейін MELD 16 балл көрсеткішімен бауыр циррозы диагнозы қойылған болатын. Науқастың дерті жарты жылыдң ішінде тіптен дендеп, портальды гипертензия, асцит және басқа да ауыр асқынулар пайда болған. Жүргізілген ем нәтижелі болмағандықтан, дәрігерлер ойласа келе науқас өмірін сақтап қалудың жалғыз әрі тиімді жолы трансплантация жасау деген шешімге келеді. Патуиентті ажалдан туған қарындасы құтқарып қалды. 20 жастағы бойжеткен операция жасауға ерікті түрде келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Оның ағзасынан қарсы көрсетілімдер анықталмағандықтан дәрігерлер бірден іске кірісті. Бірнеше сағатқа созылған операция сәтті аяқталды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтуде, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп қалпына келуде. Бұл – өңірдегі трансплантологияның қарқынды дамуының айқын дәлелі және жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болып отыр. Бүгінгі таңда өңірде трансплантолог дәрігерлер жеткілікті болғанымен әлі де донор тапшы. Сондықтан 4 мың адам қазіргі таңда жаңа ағза зәру.
EKOS ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН АЛҒАШҚЫ ОТА ЖАСАЛДЫ
Түркістан қалалық орталық ауруханасында Қазақстанда тұңғыш рет EKOS тамырішілік ультрадыбыстық тромболизис технологиясын қолдана отырып жасалған операция сәті өтті. Күрделі әрі жоғары технологиялық ота
Алматы қаласындағы Artven клиникасының тамыр хирургы, PhD Әзімбаев Ғалымжан Сайдуллаұлы және Түркістандық ангиохирург дәрігерлердің қатысуымен ұйымдастырылған шеберлік сабағы аясында істелінді.
Аруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген науқастың мықын тамырынан бастап оң жүрекшеге дейін таралған ауқымды тромбалық массалар жайлағаны анықталған. Дәрігерлердің айтуынша бұл жағдай қан айналымының күрт бұзылуына, жүрекке түсетін жүктеменің артуына және оның қызметінің әлсіреуіне әкелген. Сонымен қатар, тромбтардың үзіліп кетіп, өкпе немесе басқа да өмірлік маңызды ағзаларға түсу қаупі жоғары болған.
Асқынулардың алдын алу үшін дәрігерлер баллонды технологиямен үйлестірілген заманауи әдіс — тамырішілік ультрадыбыстық тромболизис қолданды. Процедура барысында тромб ішіне арнайы вибрациялық катетер енгізіліп, құралдың көмегімен тромбты механикалық түрде ұсақтап, дәрілік заттардың жылдам әсер етуіне жағдай жасайды. Сонымен бірге, катетер арқылы қысыммен енгізілген тромболитикалық препарат тромбтарды ерітуге мүмкіндік берді. Осындай кешенді тәсіларқылы аз уақыттың ішінде науқастың бойында қан тамырларының өткізгіштігін қалпына келтіріп, өмірге қауіп төндіретін асқынулардың алдын алуға мүмкіндік туды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Ем нәтижесінің алғашқы нәтижелері процедурадан кейін 10–12 сағат ішінде нақты белгілі болады. Мұндай шеберлік сабақтары мен инновациялық технологияларды енгізу — өңірдегі жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытуға және халыққа көрсетілетін ем сапасын арттыруда ерекше маңызға ие болып отыр.
СЕМІЗДІКТЕН АРЫЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР АЙМАҚТАРДА ДА ЖАСАЛАДЫ
Бұдан былай Түркістан облысының әр аймағында хирургиялық операциялардың жаңа түрлері енгізіле бастайды. Cоның арқасында науқастар заманауи технологиялардың көмегімен жасалатын күрделі оталарды ірі қалалар мен мегаполистерге бармай-ақ, тұрғылықты жерінде жасата алады. Осындай күрделі оталардың алғашқысы жуырда Кентау қаласында өтті.
Бариатриялық алғаш операция 30 жастағы азаматқа істелді. Саусамыр детімен ауыратын науқас одан бөлек семіздікке де шалдыққан. Операцияны өткізу үшін Маңғыстау облысы, Алматы және Шымкент қалаларынан тәжірибелі мамандар арнайы шақыртылды. Сонымен қатар, облыстың әр ауданынан келген 30-ға жуық жас хирург тәжірибе алмасу мақсатында қатысты.
1,5-2 сағатқа созылған Ота лапароскопиялық әдіспен жасалды. Оның басты ерекшелігі денанің ешбір жерін пышақпен тілмей-ақ, ағзаның ішіне бойлай енетін жіңішке құралдардың көмегімен, арнайы камера арқылы жүзеге асады. Бұл әдіс науқастың ағзасында жарақатты азайтып, оның тезірек оңалуына мүмкіндік береді. Енді кентаулық дәрігерлер осы тәсілді тәжірибелеріне енгізіп, алдағы уақытта мұндай операциялар санын арттыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, Кентау қалалық орталық ауруханасы жуырда күрделі жөндеуден өтіп, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Бүгінде дәрігерлер жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, қызмет сапасын арттыру бағытында еңбек етіп жатыр.