ӨНДІРІСТЕ ӨРКЕНДЕУ БАР

МАҚТАРАЛДА ӨНДІРІСТІК ПАРК АШЫЛАДЫ   Түркістан облысы Мақтарал ауданында өндірістік парк құрылысы жүруде. Екі гектар аумақты алып жатқан өндірістік аймақта  қазір 5 ангар салынып жатыр. Оның  2-еуінде жабын жұмыстарын атқару кезеңі басталған. Оны «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізуде. Өндірістік парктің аумағында бірқатар инвестициялық жобларды іске асыру көзделген. Атап айтқанда, «EL KZ-2020» ЖШС-ның су мұнараларына арналған құбырлар өндіру […]

МАҚТАРАЛДА ӨНДІРІСТІК ПАРК АШЫЛАДЫ

 

Түркістан облысы Мақтарал ауданында өндірістік парк құрылысы жүруде. Екі гектар аумақты алып жатқан өндірістік аймақта  қазір 5 ангар салынып жатыр. Оның  2-еуінде жабын жұмыстарын атқару кезеңі басталған. Оны «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізуде. Өндірістік парктің аумағында бірқатар инвестициялық жобларды іске асыру көзделген. Атап айтқанда, «EL KZ-2020» ЖШС-ның су мұнараларына арналған құбырлар өндіру зауыты, «BSS Express» ЖШС-ның термопанельдер, кафель және бетон бұйымдарын шығаратын өндіріс орны, «Нұрғазы» ЖК-ның көкөніс пен ет өнімдерін сақтауға арналған заманауи тоңазытқыш кешені, «Жайлимшиева Сәуле» ЖК-ның мұзқант (набат) өндіру цехы және «Данияр» ЖК-ның полиэтилен қапшықтарын өндіретін цехтары іске асатын болады.

Жобаны 2026 жылдың 1 мамырына дейін толық аяқтау жоспарланған. Белгіленген мерзімде өндірістік парктің инженерлік инфрақұрылымы мен барлық құрылыс-монтаж жұмыстары  толық аяқталып, нысан пайдалануға беріледі күтілуде. Айта кетейік, бүгінгі таңда аталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында тиісті меморандумдар түзілген. Өндірістік парк облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сай жасақталуда.

 

 

САРЫАҒАШТА 8 КӘСІПОРЫН САЛЫНУДА

 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында да  өндірістік  парк жасқаталуда. Оның жалпы аумағы 6,5 гектар. Аймақта келешекте 8 кәсіпорын бой көтереді. Өндіріс ашу жобасын ұсынған кәсіпкерлерге жер телімдері беріліп, былтырғы жылдың қарашасынан бастап  құрылыс жұмыстары жүруде. Жобаның жалпы құны 800 миллион теңге. Межеленген іс сәтімен жүзеге асса 100 жұмыс орны ашылады. Өндірістік паркте  бүгінде 2 нысанның іргетасы құйылып, тіреу конструкциялары орнатылған. Тағы 2 кәсіпорынның іргетасы құйылу үстінде. Ал  бесіңнші өндіріс орнының құрылысы алдағы аптада басталады. Жалпы, өндірістік парктегі құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған.

Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барған облыс әкімі Нұралхан Көшеров  өндірістік  парк аумағын аралап, ондағы құрылыс  барымен таанысты. Сондай-ақ кәсіпкерлермен  кездесіп, жобаны сәтті жүзеге асыру жайын талқылады. Өңір басшысы өндірістік парктің аудан экономикасын дамытудағы маңызын атап өтіп, жауапты тұлғалар мен инвесторларға жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды.

– Өндірістік парк – жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен серпін береді. Құрылысты белгіленген мерзімде аяқтап, жобаларды  нақты іске қосу қажет. Мемлекет  тарапынан қолдау бар, ендігі кезекте нәтижелі жұмыс күтеміз. Өзіміздің кәсіпкерлер ісін бастап, табысын молайтуға тиіс. Оған толық мүмкіндік бар. Іздену, даму, еңбек ету қажет. Мемлекетті алға кәсіпкерлер сүйрейді. Сондықтан біз барлық аудан, қалада өндірістік парктер  салып жатырмыз, – деді Нұралхан Көшеров.

Сарыағаш ауданындағы өндірістік парк аймағында

  1. «Бес қара» ЖШС жұмыртқаға арналған лоток шығару цехын іске қоспақ. Серіктестік оған 250 миллион теңге инвестиция жұмсамақ. 25 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
  2. «Нұрлы жол» жиһаз жасау цехын салуға 150 миллион теңге инвестиция салынған. Өнідіріс орны іске қосылған кезде  15 адам еңбек ететін болады.
  3. Ұсынылған жобасына сәйкес тағы бір кәсіпкер 150 миллион  теңгеге кондитерлік цех ашып, 10 адамды жұмыспен қамтымақ ниетте.
  4. Өндірістік парк аймағында балалар алаңшасына қажетті құрал-жабдықтар өндіретін цех та ашылатын болады. Кәсіпорында 20 жұмыс орны жасақталмақ.
  5. Құрама жем шығару цехы да іске қосылмақ. 100 миллион теңге инвестиция салынған жоба жүзеге асқан кезде 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады.

 

 

 

ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРУ ТӘЖІРИБЕСІН ӨЗГЕ ОБЛЫСТАР ҮЙРЕНУДЕ

 

Түркістан облысындағы шағын өндірістік парктерді құру тәжірибиесін еліміздің өзге өңірлеріне де ендіру көзделуде. Осы бастаманы зерделеу мақсатында қаржы, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және еліміздегі барлық облыстардан 40-қа жуық адамнан жасқаталған  делегация Түркістан облысына арнайы іссапармен келді. Олар  Сауран ауданындағы «SAURAN» өндірістік паркінде болып, жаңбырлатып суғару технологияларын шығаратын «BNK Group», жиһаз өнімдерін өндіретін «Aqniet Holding», өндірістік тоңазытқыш шығаратын «UBC Групп» және басқада бірқатар жобалардың жұмыс көрді.  Сонымен қатар Сауран ауданы аумағындағы «Иассы», «Ескі Иқан», «Дәморда» және «Қарашық» шағын өндірістік парктердің құрылысымен танысты.

Делегация өкілдері өңірде құрылып жатқан шағын өндірістік парктер жұмысын оң бағалап, бұл бастаманың шағын және орта бизнестің және өңірдің бизнес климатының дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.

Жалпы, облыстың барлық аудан және қалаларында бүгінге дейін 214 гектар аумақта 25 шағын өндірістік алаң құрылған. Онда 258 өндірістік ғимараттың құрылысы жүруде. Аталған ғимараттарда орналасатын жобалармен (251 жоба) келісімдер жасалған. Өндірістік жобалардың инвестициялық құны 192 миллиард теңге. Жоспарлы іс жүзеге толық асқан кезде 5 мың 218 жұмыс орны ашылады. Шамамен жылына импорттық өнімдерге тәуелдіктен арылтатын 96 миллиард теңгенің өнімі  өндірілетін болады.