АБАЙ  АУДАНЫНДА 500-ДЕН АСТАМ  МӘСЕЛЕ ОҢДЫ ШЕШІЛДІ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Жылдар сайын Шымкент қаласындағы елді мекендер мен шағын аудандардың инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жақсарту және жайлы ортаны қалыптастыруға байланысты қыруар жұмыс атқарылуда.  Есепті кездесуде Абай ауданы әкімі Бұхарбай Парманов ауданға қарасты 34 елді мекен бойынша атқарылған жұмыстар мен халық сұранысындағы ауыз су, газ, жол мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады.

Әкім әуелі негізгі көрсеткіштерге тоқталып өткен ол инфрақұрылым мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстарға тоқталды. Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары, сондай-ақ, 400-ге жуық аудан тұрғыны қатысты.

Аудан халқын ауыз сумен қамту көрсеткіші  ағымдағы жылы  100 пайызға жетеді деп жоспарлануда. «Құрсай»  елді мекенін  толық сапалы ауыз сумен қамту мақсатында шағын ауданда көлемі 1000 кубты  құрайтын су қоймасының құрылысы қарқынды жүруде.  Сонымен қатар, биылдың еншісінде сапалы электр жарығы толығымен шешіліп, көгілдір отын мәселесі 91 пайыз төңірегін құрайды деп күтілуде. Ал, кәріз жүйесінің көрсеткішін біртіндеп жақсарту жолға қойылған. 2025 жылға дейін 59 пайыз жету жоспарда бар.

Абай ауданының аумағында орналасқан елді мекендердің басым дені шалғайдағы щағынаудандар екенін ескерсек, бүгінгі жиында жолдың жырын айтқан ағайынның қарасы көп болды. Сондай-ақ, қоғамдық көлік мәселесін көтерген тұрғындар, жаңадан салынған көшелерге бағыттарды ұзартуды сұранып отыр. Айта кетейік, биылғы жылы ауданда 57 шақырым жолға асфальт төселген болатын.

Жалпы, биылғы жылдың 9 айының ішінде қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындармен 125 кездесу өткізіп, 1000 жуық мәселенің көтерілгенін тілге тиек етті. Оның 488-і осы уақыт аралығында шешімін тапса, 337-сі орындалуда екен. Ал, 195 мәселе 2025 жылдардың жоспарына енгізіліпті. Осы орайда, бірқатар кемшіліктердің бар екендігін айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы жыл соңына дейін халықтан шыдамдылық танытуларын сұранды.

«Ашық диалог» форматында өткен кездесу барысында қала әкімі тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап бере отырып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. Билік пен халық арасындағы байланыс осындай ашық диалогтар арқылы талқыланып, қаланың өркендеуі жолында үш жақты жауапкершілік орнап келе жатқанын айта кеткен жөн. Қоғамдық мәселелерді дер кезінде көтеріп, олардың шешімін табуына белсенділік танытқан тұрғындар көпшілік тарапынан алғыс алды.