АКВАПАРКТЕР ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында жаз мезгілінде келуші туристер саны арта түседі. Осы орайда, Шымкент қаласы – қала тұрғындары мен келуші туристер үшін аквапарктер, яғни шомылу маусымын бастамақ.
Қаланың жаз мезгіліндегі ауа-райы ескеріледі, жаздың алғашқы күнінде ашылатын аквапарктер саны басым.
Осы мақсатта, Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай іске қосылатын “Shymkent Hotel” аумағында орналасқан “Фонтан” аквапаркінің дайындық барысын көрді. Бұл жөнінде басқарманың фейсбуктегі парақшасы бөліскен.
Аквапарк сыйымдылығы 2000 адамды құрайды. Сырғанақ ұзындығы 21 метр. Айта кетерлігі, “Айдана плаза” немесе “Shymkent Hotel” қонақ үйінде тоқтаған қонақтар үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Және күнделікті 12:00-17:00 аралығында шоу-концерт ұйымдастырылып тұрады.
Жалпы, Шымкент қаласында 18 аквапарк ресми түрде тіркелген. Шомылу маусымында ретімен іске қосылуы жоспарланған.