АЛҒАШ РЕТ «KAZAGRO/KAZFOOD TURKISTAN2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

2023 жылдың 20-22 наурыз аралығында Түркістан қаласында алғаш рет «KazAgro/KazFood Turkistan2023» I ші Халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді. Шараға азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласының жетекші өндірушілері мен кәсіпкерлер қатысады деп күтіліп отыр.
Көрме аясында отандық кәсіпкерлермен іскерлік байланыс орнатуға ниетті Өзбекстан, Қытай, Түркия, Голландия, Ресей Федерациясы секілді елдерден 100-ге жуық отандық және шетелдік қатысушылар Түркістанда бас қоспақ.
Сондай-ақ, Наурыз мерекесі аясында этноқалашық, гастрофестиваль, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, қолөнер шеберханаларымен танысу сияқты іс-шаралар өз келушілерін күтеді.
Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы:
20 наурыз 2023 ж. сағат 10:00
Түркістан қаласы, «Karavan Saray» кешені
Наурызды бізбен бірге қарсы алыңыз!